Сақ болыңыз - кене!

07 Сәу 2017 0 comment
(0 votes)
 

Көктем келді, көптеген жәндіктер, соның ішінде кенелер де қысқы ұйқыдан оянып, тіршілік қамына кірісті. Кенелердің белсенділік маусымы сәуір айында басталып, қазан айында аяқталады. Кенелер жаздың басында аса белсенді болады. Олардың санының көбеюі мен белсенділік шыңы сәуірден бастап маусымның аяғына дейін созылса, республикамыздың батысында– тамыз-қыркүйек айларына келеді.

       Қазақстан Республикасында эндемиялық аймақтар болып (белсенді ошақтардың болуы)  Алматы қ., Алматы және Батыс Қазақстан облыстары табылады. Алматы қ. қоса алғанда, көрсетілген облыстар үлесіне республикадағы аурушаңдықтың 96,3±0,7% келеді. Кенелік энцефалитпен ауыру 2015-2016 ж.ж. Қарағанды облысында тіркелмеген. Алайда климаттық өзгерістерге байланысты кенелердің тіршілік кеңістігі өзгеруі мүмкін.

Кенелер көптеген аурулардың тасымалдаушысы болып табылады, олардың ішінде аса маңыздысы кенелік энцефалит және Лайм ауруы саналады.

КЕНЕЛІК ВИРУСТЫҚ ЭНЦЕФАЛИТ ДЕГЕН НЕ

         Кенелік вирустық энцефалит (КВЭ) – орталық жүйке жүйесін баса зақымдайтын жіті табиғат-ошақты жұқпалы ауру. Шаққаннан кейін алғашқы белгілер 2 аптадан соң пайда болады (инкубациялық кезең орташа алғанда 1 күннен 30 күнге дейін созылады). Ауру бірнеше күн ішінде дамиды. Аурудың салдарлары әртүрлі – толық жазылғаннан бастап мүгедектікке немесе созылмалы неврологиялық асқынуларға дейін болады.

        Тек екі кене ғана адам үшін аса қауіпті ауруларды тасымалдайды. Кенелік энцефалитпен  шамамен 13% кенелер жұқпаланған, демек, әрбір кене шаққан кезде инфекция жұқтырмайды, бірақ сонда да мынаны білу керек: жәндік денеде қаншалықты көзге көрінгісіз болса, жұқтыру қаупі соншалықты жоғары болады. Бір кенеде кенелік энцефалит  және кенелік боррелиоз екеуі де болуы мүмкін.                          .
      Боррелиоз  (Лайм ауруы) - жұқпалы ауру,  оның симптомдары қарапайым тұмауды еске түсіреді — жөтел, мұрынның бітелуі, бас ауруы, әлсіздік. Шаққан жер шеттері айқын дақ түрінде болады. Зардап шеккендердің көпшілігі бұл белгілерге назар аудармайды, және дәрігерге бармайды. Ал  Лайм ауруы болса бұлшықеттерді, буындарды, жүрек және жүйке жүйесін зақымдай бастайды; егер оны емдемесе, мүгедек болып қалу әбден мүмкін.
Инкубациялық кезең шамамен бір ай жүреді.  

КЕНЕЛІК ВИРУСТЫҚ  ЭНЦЕФАЛИТТІ ҚАЛАЙ ЖҰҚТЫРУҒА БОЛАДЫ

      Кенелік энцефалит вирусы адамға, негізінен, жұқпаланған иксодты кенелерді сорған кезде,  кенені жаншып тастағанда немесе шаққан жерді қасыған кезде жұғады.

      Кенелер ауылшаруашылық (сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе), үй (ит,  мысық) және жабайы (кемірушілер, қоян, кірпі және басқа) жануарларда күн көреді, олар вирустың уақытша резервуары қызметін атқарады.

Белгілі болғандай, кенелер адамға орманда ғана емес, сонымен қатар далада, орман алқабында, өзендердің жағалауында, қалалық саябақтар мен скверлерде, бау-бақша мен саяжайда, шөп шөмелесінде де шабуыл жасауы мүмкін. Кене сізге көлікте жаныңызда отырған саңырауқұлақшы немесе саябақшыдан да келуі мүмкін. Ал үйге жәндік үй жануарының жүнінде немесе дала гүлдерінің шоғырымен бірге келе алады. 

     Жұқтырудың басқа жолы  – тамаққа ешкі, сиырдың шикі сүтін қолдану.

     Кенелік энцефалитті жасы мен жынысына қарамастан барлық адамдар жұқтыра алады.  Жұмысы орман, далада жүрумен байланысты тұлғалардың жұқтыру қаупі анағұрлым жоғары – олар орман өндіріс шаруашылығының, геологиялық барлау партияларының қызметкерлері, автомобиль және теміржол, газ құбырларын, электр беру желілерін салушылар, аңшылар, туристер. Қала тұрғындары қала маңындағы ормандарда, орман алқабында, бау-бақша учаскелерінде жұқтырады.

      КЕНЕЛІК ВИРУСТЫҚ ЭНЦЕФАЛИТТЕН ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУ КЕРЕК?

     КВЭ ауруын арнайы емес және арнайы профилактика көмегімен алдын алуға болады. 

Арнайы емес профилактика.

  • Дұрыс киіну және қосымша қорғаныс құралдарын қолдану (репелленттер мен акарицидтер).Препаратты қолданбас бұрын нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз.
  • Жабысып қалған кенелерді табу үшін өз-өзін және бір-бірін жиі қараған жөн. Орманға барғаннан кейін міндетті түрде киімді шешіп, сілкіп, денені қарап шығу керек.
  • Үй ішіне жаңа жұлынған өсімдіктерді, сыртқы киімді және кене болуы мүмкін басқа да заттарды әкелмеу керек. Иттер және басқа да жануарларды қарап шығу қажет.
  • Мүмкіндігінше шөпке отыру немесе жатпау керек. Орманда тұрақтар мен түнемеліктерді шөп өспеген жерлерде немесе құрғақ қайыңды орманда құм топырақта орнатқан жөн.

 Арнайы профилактика

Егулерді алдын ала – кенелердің белсенділік маусымы басталғанға дейін жасаған дұрыс. Стандартты жоспарлы вакцинация мына сызба бойынша жасалады -

2 инъекция вакцинациясы –1 ай үзіліспен

1-ші ревакцинация- бастапқы вакцинация курсы аяқталған соң бір жылдан кейін

2-ші және кейінгі  ревакцинациялар – әр  3 жыл сайын

 года

Шұғыл профилактикалық вакцинация. Шұғыл профилактика қажет болған жағдайда (ең алдымен, жазғы кезеңде вакцинация қажет болса) егулер арасындағы интервал 2 аптаға дейін қысқартылуы мүмкін.

      Қарағанды облысында демалысқа баратын тұрғындарды вакцинациялау ақылы негізде жүргізіледі. Қарағанды қ. бойынша – Ипподромная к-сі, 8 мекенжайында орналасқан № 1 емханада, тел. 8(7212) 41-70-64, 41-45-38; Кеншілер д-лы,78 мекенжайында орналасқан № 3 емханада, тел. 8(7212) 33-42-20.

      Вакцинаға тапсырыс беру қажеттілік бойынша жүзеге асады. Бұл үшін емхана әкімшілігіне жүгіну және  и  вакцинаны сатып алуға өтінім беру керек. Халықты иммунизациялау үшін ҚР аумағында тіркелген  «Энцевир» вакцинасы қолданылады. Қарағанды облысының басқа өңірлерінде иммунизациялау қажеттілігі кезінде – механпзм ұқсас.

КЕНЕ ШАҒЫП АЛСА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ   

Теріге жабысқан кене табылған жағдайда оны алып тастау қажет және бұл үшін медициналық қызметкерге жүгінген дұрыс. Егер ондай мүмкіндік болмаса, кенені барлық сақтық шараларын сақтай отырып алу керек: кенені жіппен, пинцетпен немесе ілгекпен тұмсығынан мұқият іліп алу керек (айналдыра отырып орнынан қозғаңыз және тартып алыңыз). Қолдарыңызды сабындап жуыңыз.

  • Егер кененің жабысуы эндемиялық ауданда орын алса және адам егілмеген болса, жақын жердегі жарақат пунктіне дереу жүгіну керек.
  • Қарағанды облысының аумағында кене шаққан болса – ең қысқа мерзімде жарақат пунктіне жүгіну қажет. Әрі қарай  – тасымалдау шарттарын сақтай отырып, кенені вирусологиялық зертханаға кенелік энцефалит және  бореллиоздың қоздырғыштары болуына зерттеу жасау үшін жеткізу қажет.  Нәтиже оң болған жағдайда – әрі қарай емдеу тактикасын белгілеу үшін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына (Қарағанды қ.,  Охотская, к-сі, 2а) жүгініңіз.

   Кенені жеткізу шарттары:

  • кенені майлармен, жақпа маймен және т.б. сылауға болмайды,
  • алып шыққан кенені таза ыдысқа салыңыз (пробирка, құты, банка және с.с.), оған жоғары ылғалдылықты қамтамасыз ету үшін алдын ала суланған гигроскопиялық (сүзгіш, қағаз майлық және басқа) қағаз салу керек,
  • жоғарыда аталған шарттарды ұстана отырып кенені сақтау және жеткізу 2 тәулік бойында ғана мүмкін болады.

    Диагностика үшін кененің денесін тексеру және зардап шеккен адамның қанына талдау ("кенелік энцефалитке антиденелер титрлері") жүргізу қажет.

Зардап шеккен адамның қанын КВЭ және кенелік боррелиоз жұқтыруға зерттеу жасау келесі зертханаларда мүмкін болады:

  • ҚР ҰЭМ тұтынушылар құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының вирусологиялық зертханасы (Қарағанды қ., Әлиханов к-сі ,2)
  • аталған қызметті көрсететін коммерциялық зертханалар.
  • 5
Last modified on жұма, 07 Сәуір 2017 08:34
48,0,-4,75,1
600,600,60,0,3000,5000,25,800
80,150,1,5,42,14,31,0,25,41,0,0,0,1,1,5000
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.