Назар аударыңыздар! Емханаларға халықты тіркеу науқаны басталды!

06 Сәу 2017 0 comment
(0 votes)
 

«Емханаға тіркел де  - МӘМС жүйесінде өз мәртебенді анықта!» Қарағанды облысында және бүкіл Республика бойынша 5 сәуірден бастап емханаларға халықты тіркеу науқаны басталды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу бойынша дайындалған іс-шаралардың бірі болып табылатын емханаларға ағымдағы тіркеу науқаны 5 сәуірден 31 шілде аралығында өткізіледі.   

Науқан мақсаты – сіздің қандай емханада медициналық көмек алатыныңызды анықтау. Өйткені азамат бір қалада немесе ауданда тұрып, басқа мекенжайда тіркелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда медициналық қызмет алу проблемалары туындайды.

Сонымен қатар,қазірден бастап өз мәртебеңізді – қандай санаттағы азаматтарға жататыныңызды және сақтандыру жарнасын кім төлейтінін анықтап алу маңызды.

Өзіңіз үшін білгеніңіз жөн – Сіз кімсіз – жалдамалы қызметкерсіз бе, жеке кәсіпкерсіз бе, өзін-өзі қамтушы азаматсыз ба, әлде ресми кірісі жоқ немесе жұмыссызсыз ба? Бұлардың барлығын ертең қажетті медициналық көмектің толық пакетін алуда қиындықтар тудырмас үшін, қазір анықтап алған дұрыс.

Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымдардан дәрігерлерді еркін таңдау құқығымен, азаматтардың тұрақты немесе уақытша тұру, жұмыс істеу, оқу орны бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін ұйымдарға тіркелуі іске асырылады. Азаматтың дәрігер мен емхананы еркін таңдау кезінде емханаға тіркелуі жылына бір - ақ рет іске асырылады.

 МСАК ұйымдары азамат жеке өтініш жасаған жағдайда ғана тіркеуді іске асырады. Әрбір отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынумен, еркін үлгідегі өтініші негізінде отбасы мүшелерінің ішіндегі біреуінің жазбаша келісімі болған жағдайда отбасы мүшелерін тіркеуге болады.

Тіркеу науқаны барысында еліміздің әрбір тұрғыны өзінің бастапқы медициналық ұйымдарға жататындығы жайында фактіні тексеріп қана қоймай, сондай-ақ өзінің санаты туралы да мәлімдеуі тиіс.

Сіз, МӘМС жүйесіне қатысу талаптары, жарна мөлшері және төлем жасау схемасы жайындағы барлық ақпаратты өз емханаңыздағағы тіркеу орнынан немесе өз участкеңіздегі медициналық қызметкерден сұрап біле аласыз.

Сонымен, Сіз емхананы таңдадыңыз? Мәртебеңізді анықтаңыз?

Онда медициналық қызметтерді алғыңыз келетін емханаға барыңыз, тек жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз. Мекенжай туралы анықтама қажет емес. Сіз, өтінішіңіз түскен күннен бастап тіркеуге тұрасыз.

Емханаға тіркелудің екінші тәртібі – Интернет қолданушыларына ыңғайлы. «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы арқылы азаматтың деректері көрсетілген электрондық құжат үлгісін толтырып сұраным беруге болады. Емхана жауапты қызметкері тиісті ақпараттық жүйелерден электрондық сұранымды алады және Сіздің тіркеу туралы талоныңызды электрондық түрде рәсімдейді. Тіркеу туралы ақпаратты «Egov» порталы арқылы «Емхананы таңда» бөлімінен білуге болады.

          Сондай-ақ, адам тек бір ғана емханаға тіркеле алатынын білуі тиіс, қатарлас бірешеуіне тіркелу – мүмкін емес. Азаматтардың тікелей сұранымына қатысты МСАК ұйымдарына тіркеген жағдайда, олар бұрын тіркелген МСАК ұйымдарынан автоматты түрде тіркеуден шығарылады. 

Анықтама: Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек 2017 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша барлық тіркелген халық саны 1 млн.380 мың 413 адамды құрайды. Олардың ішінде 349 мың 701 ерекектер және 730 мың 712 әйелдер. 18 жасқа дейінгі балалар - 357151, 60 жасқа дейінгі белсенді еңбекке жарамды жастағылар – 817492 адам, 60-тағы және одан асқан егде жастағылар – 205770 адам.

Қарағанды облысында барлық МСАК ұйымдарының саны – 44, оның ішінде 35 - қалалық, 9 - ауылдық, сондай-ақ 15 - жеке меншік. 

48,0,-4,75,1
600,600,60,0,3000,5000,25,800
80,150,1,5,42,14,31,0,25,41,0,0,0,1,1,5000
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.