Қарағанды облысындағы иммундау апталығы

02 Мам 2017 0 comment
(0 votes)
 

Қарағанды облысында 2017 жылғы 20 сәуірден 2017 жылғы 25 сәуірге дейінгі аралықта «Ескерту. Қорғау. Егу» ұранымен иммундау Апталығы өтеді.

Иммундау Апталығы кезінде, негізінен жаңадан анықталған ересектер мен балаларға, емханаға тіркелген аумақта бұрын тұрмағандарға, Ұлттық күнтізбеде көрсетілген мерзімге сәйкес екпе алмағандарға иммундау өткізіледі.

Қазіргі заманғы барлық ата-аналар іс жүзінде екпелер туралы біледі. Жасыратыны жоқ,олардың көбісі баласына екпе жасатпай тұрып, интернет, теледидар қызметтерін пайдаланады, форумдарға шығып, былайша айтқанда, онда толық расталмаған әрі құзыретті көздеріне жатпайтын ақпараттармен бөліседі.   

Екпе жүргізу қажеттілігіне қатысты күдіктер туатынына еш таңқалмаймыз, себебі қазір сол бір инфекциялардан балаларды қорғауға салынатын екпелер аз кездеседі. Дегенмен, егілген халық саны азайған бетте, инфекция қайта ұлғая түседі.

30-40 жыл бұрын ата-аналарға қызылша немесе дифтерия, көкжөтел немесе полиомиелитің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру қажет етпейтін. Қазіргі таңда полиомиелитпен ауырып мүгедек болып қалған ересек адам өте аз кездеседі.

Көптеген ғасырлар бойы қызылша өлім-жітімі жоғары болғандықтан балалар обасы деп атап кеткен. Алайда, қазіргі уақытта да қызылша өлім-жітімі жоғары. Жыл сайын әлемде қызылшадан шамамен 900 мың бала көз жұмады. Аурудың аса асқынған кезінде, ортаңғы құлақ, өкпе, түтіктер, бронхтар қабынуы, сондай-ақ мидың қабынуы дами бастайды.

Көкжөтел – балалар арасында кең тараған, ауа арқылы беріледі. Әсіресе балалар өмірінің бірінші жылында көкжөтел ауруын ауыр көтереді. Жөтел ұстамасы кезінде бас ми қанайналымының бұзылып, сәйкесінше оттектің жетіспеушілігін тудырады, ол психиканың және әртүрлі ақыл-ой кемістігінің дәрежесі бұзылуы салдарына әкеп соғады. Сонымен қатар, өкпе қабынуы қауіпі (пневмония) бар.

Сіреспе -   қоздырғыш жерде мекендейді. Ену жолдары – зақымдалған тері, жарақат,күйік (үсу), жануарлар тістеген, лас жағдайларда босану, аборт жасаған кезде  шырышты арқылы кіреді. Сіреспемен болмашы шаншу арқылы жұқтыру жеткілікті. Егілмеген аурулардың 100% өліммен аяқталады.

Дифтерия – сондай-ақ, кеңінен тараған ауру. Жыл сайынғы өлім-жітім шамамен 5 мың адамды құрайды. Инфекция ауа арқылы таралады. Инфекцияны тек науқастар ғана таратпайды, сонымен қатар клиникалық аурулары жоқ дифтериялық талшықтарды тасымалдаушыларда бар. Дифтерия жүрек бұлшықеті, мойын бұлшықеті, дене, қол-аяқ сал ауруларын асқындырады.

Әр мемлекетте өзінің бекітілген егпе күнтізбесі мен халық қарсы егілетін инфекциялық аурулар тізбесі болады.  Мемлекет қаншалықты бай болса, бұл тізім де соншалықты ұлғаяды. Қазақстанда да сондай-ақ, өзінің Үкімет Қаулысымен бекіткен кеңейтілетін және өзгеріп отыратын екпе күнтізбесі бар. 

Вакцинациялау қауіпсіздігі бойынша ақпарат: вакцинациялау емдеу ұйымдарының екпе жасайтын кабинеттерінде, екпе жүргізуге рұқсаты бар, сапа сертификаты мен ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген вакцинасымен білім беру ұйымдарында оқытылған қызметкерлерімен медициналық кабинеттерінде өткізіледі. Балаларға екпе жасамас бұрын олардың ата-аналарын жоспарланған вакцинациялау туралы ақпараттандырады, және де Сіз өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қоя аласыз. Екпе алдында бала (ересек) міндетті түрде дәрігер қарауынан өтеді.   

Вакцина ағза үшін бөгде зат бола отырып, жергілікті (қызарып, ісінуі) және жалпы реакцияны (қызылшаға, қызамыққа қарсы вакцинациялау-  температураның  көтерілуі, терідегі бөртпелер) тудырады. Бұл аса ауыр емес және өздігінен 1-2 күн ішінде өтетін қалыпты реакция.

Иммундаудан өткен тұлғалар екпе өткізген емхананың медициналық қызметкерлеріне міндетті түрде– вакцинациядан кейінгі алғашқы 30 минуттан кейін, одан әрі – алғашқы 3 күнде, сондай-ақ 5-6-шы және 10-11-ші күннен соң қаралуы тиіс. Вакцина түріне байланысты.

Құрметті ата-аналар! Естеріңізде болсын, вакцинациялау көмегімен аурулар мен көптеген инфекциялық аурулардан туйындайтын өлім-жітім ахуалдар санын едәуір қысқартуға болады, ал кейбіреулерін мүлдем (нағыз шешек) жоюға болады.

 

 

Last modified on сейсенбі, 02 Мамыр 2017 04:57
48,0,-4,75,1
600,600,60,0,3000,5000,25,800
80,150,1,5,42,14,31,0,25,41,0,0,0,1,1,5000
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.