10 қазан – Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күні

10 Қаз 2017 0 comment
(0 votes)
 

Биыл 2017 жылы Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күні мерекесінің 26 жылдық мерейтойы.Осыған орай, Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күні 10-қазан күні атап өтіледі. Бұл мерекеге дәрігер-психиатрлар сондай-ақ, адамның психикалық жайына бей-жай қарамайтын адамдар қатысады.

Мерекенің мақсаты - халықты депрессия, шизофрения, басқа психикалық бұзылулардың таралуының алдын алу,емдеу, сондай-ақ оларды нығайту жолдары мен тәсілдері туралы психикалық денсаулық проблемалары жайында ақпараттандыру болып табылады.

Психикалық денсаулық- әрбір адамның әлеуеті мен қабілеттілігін жүзеге асыратын, күйзеліске қарсы тұра алатын, нәтижелі жұмыс істеуге және қоғам өміріне үлес қосатын әл-ауқаттың негізі.Күнделікті тыныс-тіршілікте ол күйзелістік жағдайлардан зардап шегеді,ал ондай жағдайлар психикалық бұзылуларға және ауруларға әкелуі мүмкін. Бұл күн психикалық денсаулықты қорғауға арналған халықаралық мереке.

Қоғамның психикалық денсаулық мәселелері жайында хабардар болуын арттыру мақсатында, Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күнін мерекелеу аясында, «Сарыжайлау» кинотеатрында күнделікті күйзелістік жағдайлармен қалай күресуге болатындығы туралы бейнебаяндар көрсетілді, ал ОПНД психиатрлары мен психологтары халықтың қызығушылығын тудыратын тақырыптар бойынша БАҚ арқылы теледидарда сұхбат берді. Мерзімді басылымдарда психикалық денсаулықты қорғауға қатысты өзекті тақырыптар бойынша мақалалар жарық көрді.Білім беру мекемелерінде ТЖ Департментінің қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтар жүргізілді.

48,0,-4,75,1
600,600,60,0,3000,5000,25,800
80,150,1,5,42,14,31,0,25,41,0,0,0,1,1,5000
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.