«Өзіңді туберкулезден қорға!»

27 Ақп 2018 0 comment
(0 votes)
 

 

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған 2018 жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығындағы «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасы бойынша ақпарат

 

            Ақпараттық блок

Туберкулез – ежелден келе жатқан жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын тауып, оның жұқпалы ауру екенін дәлелдеген. XX ғасырға дейін туберкулёз емделмейтін болған.

            Туберкулез әлемде көп таралған инфекциялардың бірі.  Туберкулез микробы микроскоппен қатты үлкейткенде кішкентай таяқша тәрізді көрінгендіктен, туберкулез таяқшасы деген атауға ие болған.

            Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез – қабынбалы өкпе пен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы ауру. Туберкулез – тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидық қабығы, тері, көз бен басқа ағзалардың зақымдалуы. Дегенмен, өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

            Ауру жұқтырудың басты көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады.

 Туберкулез қалай жұғады?

Туберкулез адамнан адамға ауа арқылы тарайды. Өкпе туберкулезімен ауыратын адамдар жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда ауаға туберкулез бактерияларын таратады. Адамға ауру жұғу үшін осындай бактерияның болар-болмас мөлшерімен дем алудың өзі жеткілікті. Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақытқа дейін сақталады, мысалы шаң басқан, көктеген ғимараттарда микробактериялар адам үшін қауіпті бола отырып, жылдар бойы тіршілік ете алады.

Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада 2-6 м дейін таралып, шаңмен бірге еденге, затқа қонады да, көптеген жылдар бойы тіршілік ете беретін сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі.

Туберкулезбен адамдар ғана емес, жануарлар сиыр, ешкі, бұлан, бұғы, түйе де ауырады. Ауыру малдың сүті немесе еті адам үшін ауыру жұқтырудың көзі болып табылады.

Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып саналады. Өкпе туберкулёзі тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың балалары сау болып туылады. Дегенмен, барлық сақтық шаралары сақталмаған жағдайда бала туберкулез жұқтырып ауыруы мүмкін.

Туберкулездің микобактериялары адам ағзасына түскенде, инфекция жұққанымен туберкулезге шалдықпауы да мүмкін. Өкпе туберкулезімен ауыру иммунитет түскенде, дұрыс тамақтанбағанда, санитарлық-гигиеналық талаптар қанағаттандырылмағанда орын алады. Көбінесе иммунитеті толық дамымаған балалар, жыныстық жетіліп жатқан жасөспірімдер мен иммунитеті әлсіреген қарт адамдар ауырады.

            Туберкулезге шалдығуға ықпал ететін факторлар

  1. Дұрыс тамақтанбау.
  2. Туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз, ұзақ қарым-қатынаста болу (нәрестелер үшін аздаған уақыттың өзі жеткілікті).
  3. Маскүнемдік.
  4. Шылымқорлық.
  5. Нашақорлық.
  6. Қосалқы аурулардың (қант диабеті, асқазанның жарасы, созылмалы өкпе ауыруының) болуы.

Туберкулёздің белгілері?

  1. Екі аптадан ұзақ жөтелу
  2. Тез шаршау мен әлсіздік
  3. Дене салмағының төмендеуі
  4. Дене қызуының көтерілуінің ұзаққа созылуы
  5. Түнде терлеу
  6. Кеуденің ауыруы
  7. Қан қақыру

Туберкулезді қалай анықтауға болады?

  1. Теріге туберкулин сынамасын (Манту) жасату адамның ауру жұқтырған-жұқтырмағанын көрсетеді.
  2. Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымдалғанын көрсетеді.
  3. Қақырықты зерттеу жөтелгенде бөлінетін микробтардың болуын анықтайды.

2015 жылдың 24 ақпанынан бастап 24.03.2018 дейін туберкулездің алдын алу бойынша Қарағанды ​​қаласындағы жылжымалы флюромашина жұмысының кестесін жариялаймыз: сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін: 

Қарағанды қ – Рынок «Алтын Арба -01.03.2018г

Қарағанды қ – ТД «ЦУМ» - 02.03.2018г -03.03.2018г

Қарағанды қ – Рынок «Арай» -05.-06.03.2018г

Қарағанды қ(Майкудук) – ТЦ «Умай» - 13-14.03.2018г.

Қарағанды қ(Сортировка) –Рынок «Жулдыз»- 12.03.2018г 

Балхаш тұрғындарына:

Микр-он Конрад -01.-03.03.2018г

пос.Техснаб -05-07.03.2018г

Рембаза -12.03.2018г

Рабочий поселок -13-14.03.2018г

Станция Балхаш-15-16.03.2018г 

Жезказган тұрғындарына:

ТОО «Ахметова» -05-07.03.2018г

ТОО «Лекерова»-12-14.03.2018г

Поликлиника г.Сатпаев -26-28.03.2018г.

Байланыс телефондары:

8(7212)50-48-92 – Call-центр Облыстық туберкулезге қарсы диспансер

8(7212)955-559- Call-центр Қарағанды облысның денсаулық сақтау басқармасы.

 

Last modified on бейсенбі, 01 Наурыз 2018 04:26
48,0,-4,75,1
600,600,60,0,3000,5000,25,800
80,150,1,5,42,14,31,0,25,41,0,0,0,1,1,5000
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.