2018 жылдың 7 сәуірінде Дүниежүзілік денсаулық күні - «Сау болу – сәнді!» деген девиз бойынша өтеді.

04 Сәу 2018 0 comment
(0 votes)
 

 

Жүзеге асырудың негізгі элементі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, бейінді қызметтер, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының ҚДСК департаменттерінің  өңірлік деңгейде аталған шараларды бірыңғай әдістемелік негізде тәжірибе жүзінде іске асыратын бірлескен қызмет болып табылады.

Деннің сау болуы – тұтас бір ғылым және оның бір бағыты – денсаулық мәдениетін қалыптастыру: тәндік, жандық, әлеуметтік жетілу. Соған байланысты адамның дені сау және өмірде өз жолын табуы керек. Адамның өсуі мен дамуы денсаулықтың диагностикалық деңгейіне сай келуі, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін ұстануы, зиянды әдеттерден аулақ болуы қажет. Денсаулық – әрбір адам үшін басты құндылық.

Халықтың денсаулығы – жай ғана медициналық ұғым емес. Адам денсаулығының деңгейі денсаулық сақтау саласы мен медициналық қызмет көрсету деңгейінің тек 8-10%-ын ғана құрайтыны белгілі болды. Қалғаны басқа көптеген факторлар арқылы қалыптасады: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық жағдай, қалыптасқан мінез-құлық әдеттері, тамақтану мәдениеті, тұқымқуалаушылық және адамдардың өздері  мен денсаулықтарына қарым-қатынасы. ҚР бұл мәселелердің көлемділігі бұрыннан белгілі. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізілуде. Қазіргі уақытта көп адамдар сау болудың - - беделді, спортпен айналысудың, дұрыс тамақтанудың – сәнді екенін мойындаған. Жастардың көбі өмірлік басымдылықтардың бірі – өз денсаулықтарын сақтау деп есептейді, себебі салауатты өмір салты – пайдалы және сәнді, ал заманауи өмір салты – зиянды әдеттерден бас тарту, дұрыс басымдылық пен имидж.

          ДДҰ-ның құрылуының құрметіне жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді және 2018 жылы осы күні денсаулық сақтау қызметтерімен толық қамтуға арналған көлемді және үздіксіз науқан басталады. «Бәріне арналған денсаулық» аталған науқанның және ДДҰ қызметінің жетекші қағидасы болып табылады. Денсаулық сақтау қызметтерімен толық қамту дегеніміз не?

Денсаулық сақтау қызметтерімен толық қамтудың мақсаты барлық адамдардың жынысына, жасына, әлеуметтік деңгейіне, тұрып жатқан жері мен табысына қатыссыз оларға қатысты медициналық қызметті алуларын және оларды төлеумен байланысты қаржылай қиындықтарды сезінбеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасында халыққа тегін берілетін Ұлттық скринингтік бағдарламаның шеңберінде жүргізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен профилактикалық медициналық тексерудің аясындағы тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміндегі қызметтер жауап береді.

 

Last modified on Сәрсенбі, 04 Сәуір 2018 09:41
More in this category: « Қауіпсіз өмір!
48,0,-4,75,1
600,600,60,0,3000,5000,25,800
80,150,1,5,42,14,31,0,25,41,0,0,0,1,1,5000
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.