«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ   мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-3 санатына:             Жоғары білім;

        Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3,  E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы     13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

D-О-3

115928

144910

 

«Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММ (100000,  Қарағанды қ. Алиханов көшесі 2; анықтама телефоны: 8 (7212) 41-14-12, факс: 8 (7212) 41-14-17; электрондық пошта: Бұл электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Сізде қарап шығу үшін JavaScript қосулы болуы қажет.) әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ  Жезқазған қ. аймақтық өкілдік бөлімінің басшысы (1 бірлік, №014-01,            D-O-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Аймақ бойынша денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету. «Бала жастағы ауруларды біріктіріп жүргізу», «Қауіпсіз аналық», «Отбасын жоспарлау» бағдарламаларын жүзеге асыру, «Антенаталдық күтім» хаттамаларын енгізуді үйлестіру және бақылау.   Балаларды, жүкті әйелдерді, диспансер топтарын және қатерлі топтарды мақсатты медициналық қарауды қамтамасыз ету.  Науқастарды (жүкті әйелдер, балалар және гинеколог. әйелдер) ЖММК іріктеу жөніндегі, өлім-жітімді зерттеу,  медициналық көмек көрсету жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.  Педиатрия және босандырудағы жаңа медициналық технологияларды енгізуді, тұрғындарға білікті және мамандандырылған стационарлық медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасын қамтамасыз ету. Стационарлық көмектің стандарттары мен сапасын сараптау. Стационарлық науқастарға стационарлық емдеу-диагностикалық көмекті ұйымдастыруды бағалау және талдау. Стационарлық көмекке мемлекеттік тапсырыс орналастыруға қатысу,  мемлекеттік тапсырыстың орындалуын қабылдау, сараптау, бағалау. Стационарлық қызметке жаңа емдеу-диагностикалық медициналық технологияларды енгізуді үйлестіру және бақылау.  Ауруханаішілік жұқпаларды ескерту жөніндегі  комиссияның жұмысын үйлестіру және бақылау. Азаматтардың медициналық көмекті көрсету сапасын ұйымдастыру бойынша шағымдары және өтініштерін қарастыруға қатысу. Медициналық ұйымдардың орнықты қызметін үйлестіру және бақылау. Медициналық ұйымдардың  қысқы уақытта  жұмыс істеуге даярлық, жылыту мерзімінің өтуін талдау. Медицина ұйымдарының өртке қарсы қауіпсіздік,  еңбекті қорғауды қамтамасыз етуін ұйымдастыру және бақылау. Медициналық ұйымдардың  апат және төтенше жағдайлар туындағанда  дайын болуын бақылау. Медициналық ұйымдардың апат жағдайлардың салдарын жою бойынша өзара әс-әрекетін қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларда шұғыл көмекті және азаматтық қорғаныстың медициналық қызметін ұйымдастыру мәселелері. Бейбіт және соғыс уақытында медициналық көмек көрсету бойынша медициналық қызметтің оқуларын ұйымдастыру және өткізу. Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмылдыру дайындығын, персоналды оқыту және емдеу-профилактикалық мекемелер базасында бейіндер бойынша медициналық қызметті қалыптастыруды жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Кадрлық саясат мәселелері. Медициналық кадрларды аттестациялау және біліктілігін арттыруға бақылау жасау, ҚММУ және АММИ, ЖМУ БАФ өзара әрекеттестік. Басқармаға бекітілген формада кадрлар бойынша жылдық есепті құрастыру және тапсыру, ақпарат жинау, БАЖ кадрлар және СУР бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есепті құрастыру және тапсыру. Марапаттау материалдарын ресімдеу (мерейтойшылар, Медициналық қызметкер күніне және т.б.). Әскери міндеттілерді есепке алу және броньдау. Броньдалған әскери міндеттілер саны туралы жылдық есепті құрастыру және тапсыру. ЕПҰ аумағын абаттандыру және электр энергиясын үнемдеу. Шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету. Туберкулез мәселесі. Тұрғындар арасында туберкулезбен ауыру мониторингіне бақылау жүргізу. Нормативтік құжаттарға сәйкес Басқарма үшін медициналық жабдықтарға, сондай-ақ аймақ бойынша медициналық техникаға қажеттілікті уақытында және сапалы құрастыруды қамтамасыз ету. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары «денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша (емдеу ісі, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде  «Қарағанды облысы денсаулық сақтау  басқармасы» ММ  өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде  конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны:__________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________                                             __________________________________________

      (қолы)                                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

48,0,-4,75,1
600,600,60,0,3000,5000,25,800
80,150,1,5,42,14,31,0,25,41,0,0,0,1,1,5000
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.