«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ  (әрі-қарай) келесі қызметтерді жүзеге асырады:

облыстық денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесінде тұрғындарға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті атқару органымен өзара іс-қимыл жасау;

Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттар мен медициналық қызметтер көрсетудi сатып алуды жүзеге асыру;

денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру;

денсаулық сақтау саласындағы, оның iшiнде дәрiлiк заттарды басқару жөнiндегi аймақтық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуы мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

нашақорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды үйлестіруді және орындауды қамтамасыз ету;

жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына берiп отыру;

мемлекеттiк медициналық ұйымдарды жарақтандыруды қамтамасыз ету;

төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi, оларға дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi және оны ұйымдастыру;

денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiру;
     халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудi, салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастыру;

халықты әлеуметтiк қаупi бар аурулардың және жұртқа қауiптi болып табылатын аурулардың таралуы туралы хабардар ету;

азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау.

белгіленген мерзімде облыс аумағында нақты шараларды өткізу жолымен денсаулық сақтау саласының дамуына қатысты облыс әкімінің, облыстық әкімдіктің, облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыру;

облыс әкіміне және облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына денсаулық сақтау ісін дамытудың Мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын, басым бағыттар бойынша облыстық мәслихат бекіткен тікелей бағдарламалар және денсаулық сақтаудың сандық және сапалық көрсеткіштері (науқастану, өлім-жітім, ауыру, тұрғындардың табиғи өсуі және т.б.), сондай-ақ  облыстық денсаулық сақтаудың стандарттарын орындау бойынша қызметтік жазба, хат, ақпарат нысанында есеп беру;

облыс әкіміне және облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе бастапқы медициналық – санитарлық көмек көрсету қызметін жақсарту бойынша, аналық және балалық шақты қорғау бойынша шараларды жақсарту, материалдық-техникалық базаны дамыту және әлеуметтік-маңызды аурулар (туберкулез, жыныс жолымен таралатын аурулар, онкология, қант диабеті және басқалар) бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар беру;

облыстық медицина ұйымдарында бюджет қаражатының мақсатқа сай қолданылуын талдау және бақылау арқылы бюджетті жоспарлау, қаржыландыру және облыстық денсаулық сақтау жүйесінің бюджеттік бағдарламаларына әкімшілік жасау;

-облыстық денсаулық сақтау нысандары бойынша құрылыс, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізеді және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу;

-облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету проблемалары және мәселелері бойынша мемлекеттік медицина ұйымдары қызметіне талдау жасау;

-облыс тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен өзара іс-қимыл жасау;

-Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен және нормалар бойынша тұрғындардың жеке санаттарына тегін және жеңілдікпен тарату үшін дәрі-дәрмек,  арнайы балалар және емдік тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді және сатып алуды талдау арқылы дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

     -санитарлық авиация қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз ету;

     -денсаулық сақтаудың жергілікті ұйымдарын қан, оның компоненттері және препараттарымен қамтамасыз етуі;

           -медицина қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, медицина кадрларын және денсаулық сақтау саласының басқа да қызметкерлерін тиімді пайдалануға талдау жасау,медицина кадрларын аттестаттау жүргізу немесе аттестаттауға қатысу;

           -тұрғындарға, денсаулық сақтау ұйымдарына және басқа да ұйымдарға дәрі-дәрмектер, оларды қолдану, әсерлері, санитарлық және гигиеналық құралдар, таңу материалдары және медициналық мақсаттағы басқа да бұйымдар, олардың дәріхана желісінде бар-жоғы  туралы хабарлама жасау;

           -заңнамамен белгіленген тәртіппен медициналық дәрігерлік қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

           -тұрғындарды медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;

           -жақын және алыс шетелдермен және Қазақстан Республикасы аймақтарымен келісімдер жасау арқылы денсаулық сақтау саласындағы салааралық және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту, әріптестіктің негізгі басым бағыттарын  және  мүмкін серіктерін белгілеу;

Found a typo? Please select it and press Ctrl + Enter.
48,0,-4,75,1
600,600,60,0,3000,5000,25,800
80,150,1,5,42,14,31,0,25,41,0,0,0,1,1,5000
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.