Аналитикалық ақпарат

2017 жылдың қорытындысы жөнінде мақала

Кез келген елдегі сияқты, Қазақстанның әлеуметтік саясатында денсаулықты қорғау басты орын алады.

Медициналық көмек сапасын және қолжетімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, денсаулық саласын реформалау және дамыту жалғасуда

Тап осы екі құрамдастар – қолжетімділік және сапа саланың тіршілік қабілетін айқындайды.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі бірінші кезекте басым мақсаттарды айқындай алу және оларды шешуге барлық мүмкін ресурстарды бағыттауға байланысты болады. Ал түпкілікті нәтиже денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының индикаторларында белгіленген, халық денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жетті.

Жалпы өлім-жітім көрсеткіштері (1,4%-ға), нәрестелердің шетінеуі (4,9%-ға), туберкулезден аурушаңдық және өлім-жітім тиісінше 6,2 және 17,5%-ға, қатерлі жаңа түзілімдерден өлім-жітім 9,7%-ға төмендеді.

Денсаулық сақтау саласы алдына қойылған мақсаттарды орындауға 2017 жылы келесі ресурстар бағытталды.

Денсаулық сақтау бюджеті 76,4 млрд. теңге құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 15,2%-ға көп.

Жергілікті бюджеттен 31 денсаулық сақтау объектісін жөндеуге 1,9 млрд. теңге бөлінді. Жалпы алғанда ауруханалар мен емханалардың 35 мың шаршы метр алаңы жөнделді.

2017 жылы денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 3,3 млрд. теңге жұмсалды. Қаржылық лизинг механизмін және кейінге шегерілген төлемдерді пайдаланумен 672 бірлік медициналық техника сатып алынды.

Жедел медициналық көмектің бөлімшелері үшін 37 реанимобиль сатып алынды, бұл қосымша шаралардың толық кешенімен қатар, оның ішінде бірыңғай диспетчерлік желіні құру арқылы қызметтің жұмыс жеделдігі мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

2017 жылы диспансерлік есепте тұрған науқастарды дәрімен қамтамасыз етуге 8,67 млрд. теңге бөлінді. Облыстың бірқатар аурулар бойынша қажеттілігі 35%-ға қанағаттандырылды, бұл барлық мұқтаж науқастарды толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді.

Ағымдағы жылдың бюджетінде жеткілікті қаражат көлемі қарастырылды (13,7 млрд тг), және науқастарды тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады. Халықтың кең топтарына дәрілік заттарға қолжетімдікті қамтамасыз ету үшін облыстың емханаларында 37 әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді. Келесі қадам – облыстың шалғай жатқан ауылдарына бара алатын екі жылжымалы дәріханалық пункт сатып алу болмақ.

Кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

Облыстың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынатын ұйымдарында 17 мыңнан астам медициналық қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 5,3 мыңнан астам дәрігерлер және 12,1 мың орта буын медициналық қызметкерлер.

2014 жылдан бастап облыстың медициналық ұйымдары бейін мамандарды еліміздің ЖОО-ның резидентурасында нысаналы дайындауды жүргізеді, осылайша 2-3 жыл өткен соң өздеріне тапшылық бағыттар бойынша дәрігерлердің келуін қамтамасыз етеді, және қазіргі күннің өзінде өңірлерге оқытуды аяқтаған соң 46 маман қайтып келді.

2017 ж. облыстың медициналық ұйымдарына 273 дәрігер жұмысқа орналасты.

Білікті мамандарды облыстың қалалары мен аудандарында бекіту мақсатында оларды қызметтік баспанамен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарлама іске асырылады. Осылайша, өткен жылы Балқаш қаласында жас дәрігерлерге 18 пәтердің кілті тапсырылды, бұл осы қаладағы медициналық кадрлар тапшылығын жоюға мүмкіндік берді. Осындай жұмыс облыстың басқа да өңірлерінде жүргізілуде (Саран, Шахтинск, Абай, Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды).

Бізде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қалыптасқан пулы бар болуына қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге жекеменшік кәсіпорындар белсенді тартылады.

2017 ж. олардың саны 56-ға дейін артты. Бұл медициналық ұйымдар үшін қызметтер нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында көрсетілетін көмек сапасын жақсартуға стимул болып табылады.

Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттікпен қатар жеке инвестициялар қолданылады, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін пайдаланады.

Осылайша, 4 офтальмологиялық орталық (Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш), Шахтинск қ. гемодиализдік орталық, Жезқазған қ. және Қарағанды қ. 5 емханасында МРТ кабинеттер, Балқаш қ. КТ кабинеттер жұмыс істейді.

2017 жылы 17 жобаны жүзеге асыруға жалпы сомасы 2,5 млрд теңге шарттарға қол қойылды.

Ағымдағы жылы мыналар ашылады: облыстық аллергологиялық орталық, Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Балқаш қалаларында компьютерлік және магниттік-резонанстық томография кабинеттері, Қарағанды қаласында емхана.

Оның үстіне келешекке дайындама да бар.

2018 жылы біз тағы 6 шартқа қол қоямыз – нәтижесінде Саран қ. және Жаңаарқа ауданының ОАА гемодиализ орталығы, Жезқазған және Теміртау ққ. ересектерге арналған нейрореабилитациялық орталықтар, Қарағанды және Жезқазған ққ. балалар реабилитациялық орталықтары ашылады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Қарағанды облысында өңірлік Кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) енгізілген, ол денсаулық сақтау ұйымындағы барлық ішкі процестерді автоматтандыру және оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жүйенің басты бағыттарының бірі – «Кезексіз емхана». Қазіргі кезде 50%-дан астам пациенттер электрондық сервистер арқылы дәрігерлерге өз бетінше жазылады, бұл «жанды кезектен» емханаға жоспарлы баруға біртіндеп ауысуды қамтамасыз етеді.

КМАЖ дәрігерлерге пациенттерді қайта қабылдау және оларды өз медициналық ұйымы шеңберінде ғана емес, сонымен қатар облыстың кез келген клиникасына консультацияға немесе диагностикалық зерттеуге жолдау кезінде қабылдауға жазуды жоспарлауға мүмкіндік берді.

Ай сайын жүйе сервисі арқылы 69 мыңнан астам электрондық рецепттер жазылады және 240 мыңнан астам консультацияға жолдамалар беріледі.

Электрондық флюоротеканы енгізу профилактика сапасы мен дәйектілігін күшейтуге мүмкіндік берді. Ақпараттық бағдарлама флюорографиялық тексеруді аты-жөні бойынша өз бетінше жоспарлайды.

Жыл сайын 700 мыңнан астам тұрғындардың рентген кескіні деректер базасына енгізіледі және қосарлап оқылады (емханада және туберкулезге қарсы қызмет мамандарымен). Осылайша профтексерулердің тиімділігін едәуір арттыруға қол жетті. Және де туберкулез ғана емес, басқа да ауруларды анықтауға болады. Мысалы, өткен жылы флюорографиялық тексерулер жолымен 130 пациентте ерте сатыдағы қатерлі жаңа түзілімдер табылды. Қазіргі кезде бұл науқастармен онколог-мамандар айналысуда.

Цифрландыру шеңберінде «ДамуМед» мобильдік қосымшасы немесе пациенттің жеке кабинеті әзірленді. Ол қабылдауға жазылуға, дәрігерді үйге шақыруға, зертханалық зерттеулер қорытындыларын, рецепттер, аурухана парақтарын алуға мүмкіндік береді. Жазылған пациенттерді push-ескерту арқылы хабарландыру (еске салу) жүйесі енгізілген.

Қосымшаны облыстың 30 мыңнан астам тұрғыны пайдаланады, пайдаланушылардың өсімі – аптасына 6 мыңнан астам. Бұл үшін емханаларда медициналық қызметкерлер аталған сервистің басымдықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және пациенттерге қосымшаны смартфонға орнатуға көмектеседі. Сондай-ақ аталған сервисті әйгілеу әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады.

Қазіргі кезде ақпараттық контентті кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде кері байланыс және мобильдік сұрастыру функциясы қосылатын болады.

«Жаңа емхана» жобасы шеңберінде навигация жүйесі енгізіледі, ол КьюАр-код оқу арқылы қажетті маманды тез табуға, және оның жұмыс кестесін білуге көмектеседі.

2017 жылдың желтоқсанынан бастап біз қағазсыз құжат айналымына көшу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды бастадық, оның шеңберінде облыстың стационарлары мен емханалары ауру тарихын және амбулаториялық карталарды электрондық форматта толтыруға кезең-кезеңмен көшті.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласын әрі қарай дамытуда басым бағыт аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бұл сұраққа президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше ден қойды.

Ағымдағы жылы 2017 жылы денсаулық сақтау саласында қол жеткен жағымды нәтижелерді баянды ету өте маңызды, және Мемлекет Басшысы біздің алдымызға қойған мақсаттарға сай әрі қарай жұмысты жалғастыру керек.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559