Басшылар

Нұрлыбаев Ержан Шәкірұлы
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы

07.10.1975 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін 2011 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, медицина ғылымдарының кандидаты.

1998-2000 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының базасында клиникалық ординатурадан өтті. 2000-2005 жылдары Қарағанды қ. №1 Көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігер-хирург болып қызмет атқарды. 2005 жылы Қарағанды қ. №1 Көпсалалы клиникалық ауруханасы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалған. 2007 жылы Қарағанды облысының денсаулық сақтау Департаментінің бас маманы болып тағайындалған. 2008-2010 жылдары медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы ретінде жұмысын жалғастырды. 2012 жылы «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КМК директоры болып тағайындалды. 07.04.2014 жылы «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Тоқсамбаев Гамаль Сайлауұлы
емдеу және алдын алу, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бастықтың орынбасары

1975 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды қаласында дүниеге келді. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін, кейін хирург пост-дипломдық мамандығын тәмәмдады. 2008 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде “денсаулық сақтау менеджері” мамандығы бойынша дәріс алды. 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын “экономика” мамандығы бойынша бітірді.

Бірнеше жыл бойы Облыстық клиникалық ауруханада хирург қызметінде жұмыс атқарды. 2009 жылдан 2011 жылға дейін Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында бас хирург болып жұмыс істеді. 2011 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС маманы болып тағайындалды. Бес жыл бойы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын “Облыстық медициналық орталық” директорының орынбасары болды. 2016 жылдан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін «Сарани қаласының орталық ауруханасының» директоры болып жұмыс істеді. 2019 жылдың сәуірінде Емдеу-алдын алу, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқарушы орынбасары болып тағайындалды.

Мамалинова Гүлбан Көпейқызы
басқарма басшысының ана мен баланы қорғау және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі орынбасары

12.10.1967 жылы Ақмола облысында туған, ұлты - қазақ, 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Еңбек жолын 1992 жылы «Карагандацветмет» МСБ акушер-гинекологы лауазымында бастаған. 1996-2009 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының аспиранты, тағылымгер ассистент, докторантура, ассистент, акушерлік және гинекология кафедрасының доценті. 2009 жылы Қарағанды қаласының перзентханасы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. 25.06.2012 жылы басқарма басшысының ана мен баланы қорғау және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.

Хорошаш Аскар Насибуллович
басқама брасшысының емдеу-профилактикалық жұмыс, АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасарының м.а. болып тағайындалды.

1974 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген.Еңбек жолын Қарағанды облыстық диагностикалық орталығында санитар ретінде бастаған. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының (ҚММА) емдеу факультетін тәмамдаған, содан кейін ҚММА клиникалық ординатурасын «кардиология» мамандығы бойынша аяқтаған. 2007 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған. 2014 жылы «Астана» медициналық университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.

Бірнеше жылдар бойы Қарағанды облыстық клиникалық ауруханада, Астана қ. №1 қалалық ауруханасында дәрігер кардиолог, қабылдау бөлімінің дәрігері ретінде жұмыс істеген. Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің №2 ішкі аурулар кафедрасында госпиталдық терапияны оқытқан.

2001-2002 жж. Астана қ. кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ филиалының ғылыми қызметкері болған, онда «Қазақстан Республикасында артериялық гипертензияның профилактикасы және емі» салалық бағдарламасын әзірлеумен айналысқан.

Кандидаттық диссертация қорғаған. 20-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.

С 2005 года работал руководителем в сфере фармацевтического бизнеса и развития малого и среднего предпринимательства. В 2011 - 2012 годах – заместитель председателя, затем председатель Правления АО «КазМедТех» Министерства здравоохранения Республики Казахстан. В рамках Государственной программы развития здравоохранения2005 жылдан бастап фармацевтикалық бизнес және кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту саласында басшы ретінде жұмыс істеген. 2011-2012 жылдарда – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің «КазМедТех» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, сосын төрағасы. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде медициналық техника лизингін енгізу және концепциясын әзірлеумен, транспарентті сатып алу және жабдықты тиімді пайдалану тәсілдемесімен айналысқан. Одан әрі қарай медициналық техника жеткізу жөніндегі дистрибьюторлық компанияны басқарған.

03.11.2016 жылы басқарма басшысының емдеу-профилактикалық жұмыс, АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасарының м.а. болып тағайындалды.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559