ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

05.02.2020

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің төменгі болып табылатын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарламасы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

        

D-O-4 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы                              27 желтоқсанда № 18063 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.


   Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық

min

max

Д-О-4

108267

146160

 

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау  басқармасы» ММ (100000,  Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 2; анықтама телефоны: 8 (7212) 55-97-74  (ішкі-012); электрондық пошта: a.karipova@karaganda-region.gov.kzмемлекеттік әкімшілік лауазымның уақытша бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Амбулаториялық-емханалық көмекті үйлестіру және дамыту бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік, №04-06)

           Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, облыс әкімінің Денсаулық сақтау саласындағы қаулылары мен өкімдерін басшылыққа алады және олардың орындалуын бақылайды. Басқарманың кешенді жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларының әзірленуіне және орындалуына, басқарманың алқа шешімдері мен бұйрықтарының дайындалуына, өткізілуіне және орындалуына, облыс халқына медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсартуға, саланың қаржы – экономикалық көрсеткіштерінің орындалуына бақылау жасайды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету саласындағы медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді. «Лицензиялау туралы»Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы бойынша нормативтік-регламенттеуші базаны бақылауды қамтамасыз етеді. Өз қызметінде ақпараттық – талдау жұмысының және мониторингтің нысандары мен әдістерін пайдаланады. ТЖ жағдайында зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, медициналық ұйымдардың базасында бейіндер бойынша тұрақты дайын мамандандырылған медициналық бригадаларды қалыптастырады және олардың жаппай қырып-жою аймақтарында жұмыс істеу үшін шұғыл шығуға тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді. ТЖ жағдайында медициналық ұйымдардың құпия іс жүргізу жағдайын және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің дайындығын, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық жабдықтау арнайы қоймаларының МОБ резерв мүлкін уақтылы салу, сақтау және жаңарту жөніндегі жұмысын, Денсаулық сақтау басқармасының кешенді жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларының әзірленуін және орындалуын бақылайды. Облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығулар кезінде саланың барлық функционалдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді. МӘМ және ТЖ штабының бастығы бола отырып, оқу-жаттығулар мен жаттығуларға жеке қатысады.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар.

Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медициналық)» (емдеу ісі, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) мамандықтары бойынша жоғары білім; ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын және осы санаттың нақты қызмет лауазымына сәйкес саласында қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  стратегиясын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысан бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

         Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

        Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап
7 жұмыс күнінің ішінде
ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар хабарлама жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

 Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-де өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Өтінішті жүктеу

 

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559