ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

03.03.2020

МЖӘ жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ денсаулық сақтау саласындағы келесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы хабарлайды:

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 44-бабына сәйкес, әлеуетті жекеше әріптеспен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарланады.

  1. «Балқаш қаласындағы оңалту орталығы».

Жобаны іске асыру кезеңі: 2020-2025 жж.

МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі 5 жыл құрайды.

Қызмет түрі: медициналық қызмет.

Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: денсаулық сақтау ұйымдарына үй-жай беру, жылына кемінде 600 пациентті тұтыну кепілдігі.

Аймақта тауарлар, жұмыстар және қызметтерге нақты қажеттілік: Балқаш өңірі аймағында 80-нен кем емес азамат ай сайын оңалтуға (қалпына келтіру ем-шаралары) мұқтаж.

Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға жатуы: жатпайды.

Жекеше әріптестер МЖӘ-ке келесі түрде қатысады: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңның 31-бабына сәйкес тікелей келіссөздер.

Жобаны инвестордың қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр. МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға қызығушылық білдірген әлеуетті жекеше әріптестер баламалы ұсыныстар жасай алады.

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130-тармағында көрсетілген, әлеуетті жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге балама ұсыныстар жасайды.

Әлеуетті жекеше әріптес келесі жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы қажет:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

 2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ баламалы ұсыныстарды аталған хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

Анықтама үшін: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, мекенжай: Әлиханов к-сі, 2, тел.: +7 (7212) 559784.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559