ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Қарағанды облысындағы коронавирус инфекциясына қарсы қолданылып жатқан іс-шаралар

13.03.2020

13 наурызда облыстың барлық әлеуметтік дәріханалары медициналық маскалармен қамтамасыз етілді. 12 наурыздан бастап әр әлеуметтік дәріханаға 2 000 данадан маскалар жеткізілді. "МФ Мерей" ЖШС медициналық маскаларды жергілікті өндіруші әлеуметтік дәріханаларды ғана емес, бөлшек сауда дәріхана желілерін медициналық маскалармен үздіксіз қамтамасыз етуді жолға қоюға тырысады.

Бүгінгі күні әрбір медициналық ұйымда дезинфекциялау құралдары орнатылған. Емханалардың сүзгі кабинеттері обаға қарсы костюмдермен қамтамасыз етілген, нақты іс-әрекет алгоритмі, сондай-ақ әрекет ету тәсілдері бар.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Қарағанды облысының тұрғындарын дүрбелең тудырмауды сұрайды. Маскалар бірінші кезекте ЖРВИ белгілері бар адамдар үшін қажет. Сонымен қатар, ресми ақпарат көздеріне Денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік желілеріндегі парақшалары мен zdravkrg.kz сайттағы ақпараттарға сенуге сұраймыз.

 

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559