ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Қарағанды облысының дәрігерлері облыстық бюджеттен COVID-19 індетімен күрес жүргізгені үшін сыйақы алды

11.04.2020

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес коронавирус індетімен күреске тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына жоғары үстеме бекітілді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі бұйрығымен қызметкерлердің санаттары және көтерілген үстемеақыларын есептеу тәртібі анықталды.

Аталған санатқа инфекциялық провизорлық және карантиндік госпитальдардың, жедел медициналық жәрдем қызметінің, оның ішінде емханалар, карантиндік блок-бекеттер қызметкерлері енгізілді.

Наурызда жұмыс істеген уақытына сәйкес 1339 медицина қызметкерінің негізгі жалақысына үстемеақы төленді. Яғни, егер қызметкер бір ай бойы жұмыс істеген болса, онда ол толық мөлшерде үстемеақы алады. Ал егер ол 3 күн қызмет атқарған болса, сәйкесінше үстемеақы есептелетін болады. Республикалық бюджет есебінен төлемдердің жалпы сомасы 139 млн. теңгені құрады

Сонымен қатар, наурыз айының басында Қарағанды облысының эпидемияға қарсы шараларына қатысқан 1677 адамға медициналық ұйымдардың жинақталған қаражаты есебінен орташа айлық жалақы мөлшері 197 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559