ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері бойынша өткізілген алқа мәжілісі

14.02.2020

Бүгін (2020 жылғы 14 ақпанда) «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері жарияланды.
Алқа мәжілісіне облыс әкімінің орынбасары А.Е.Әбдіқадыров қатысты.
Алқа жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары мен денсаулық ардагерлері қатысты.

Баяндамалар тыңдалды: Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Е.Нұрлыбаев, Қарағанды облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігі департаменті басшысының орынбасары - О.Смирнова, ҰАО Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры - Ф.Копобаев.

2019 жыл «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың соңғы жылы болды, онда 4 жыл ішінде денсаулық сақтауды жүйелі дамыту міндеттері айқындалды.
Мемлекеттік бағдарламаның маңызды шешімдерінің бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу болды. Негізгі мақсат - барлық сақтанушылардың кірістеріне қарамастан сапалы медициналық қызметтерге және медициналық көмекке тең қол жетімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар жеке медициналық шығындарды азайту.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында Қарағанды облысының медицинасы өзінің дамуында үлкен серпіліс жасады - түрлі ауруларды емдеудің жаңа технологиялары мен тәсілдері пайда болды, олардың диагностикасы мен алдын-алу әдістері жетілдіріліп, денсаулық сақтау инфрақұрылымы мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің көмегімен жаңартылуда. Медициналық кадрларды тарту және ұстап қалу бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілуде, 2019 жылы 305 жаңа дәрігер жұмыс істей бастады. Мұның бәрі табиғи нәтижелерге әкеледі. Мысалы, туберкулез, қатерлі ісік, қан айналымы жүйесі аурулары, жарақаттану және т.б. сияқты аурулардан болатын өлім тұрақты түрде азайып, нәтижесінде облыс халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 71,7 жасқа дейін өсті.

Алайда уақытында шешілуі қажет мәселелер бар.

Облыс әкімінің орынбасары Абдыкадыров А.Е. өлім-жітімді азайту бойынша шараларды кешенін қабылдауға назар аударылды.

Сонымен қатар, халықпен тиімді байланыс орнату, облыс тұрғындарын сауалнамаларға белсенді қатысуға тарту, ауруханалар мен емханаларда медициналық көмек алудың қазіргі проблемаларын талқылау қажеттілігі туралы айтылды.

Алқа соңында денсаулық сақтау басқармасының басшысы аймақтағы медицина қызметкерлерінің алдында тұрған 2020 жылға дейінгі негізгі стратегиялық міндеттерге тоқталды.

Азаматтардың денсаулығын нығайтуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға, медициналық көмектің қол жетімділігін, толықтығы мен сапасын арттыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың жаңа «Ел саулығы» мемлекеттік бағдарламасын бастау алды.

Алқа мәжілісі Алқа мәжілісі

Алқа мәжілісі

 

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559