ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Қазақстан Республикансындағы алғашқы жылжымалы дәріхана

21.02.2020

Бүгін «Денсаулық» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтоғай ауданының орталық аудандық ауруханасына Қазақстан Республикасындағы алғашқы жылжымалы дәріхананың кілтін табыстады. Жылжымалы дәріхана - әлеуметтік дәріханалар жобасы бойынша жұмыс істейді. Бұл Ақтоғай ауданының ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмектерді қолжетімді әрі төмендетілген бағамен алуға мүмкіндік береді. Жылжымалы дәріхана күн сайын бағыт бойынша, бекітілген кестеге сәйкес жүреді.

Айта кететін жәйт, Ақтоғай ауданында бұрын орталық аудандық ауруханаға қарайтын және әлеуметтік жалғыз дәріхана ғана болған. Егер бұрын дәрі-дәрмек сатып алу үшін шалғай ауылдардың халқы аудан орталығына өз бетімен баруға мәжбүр болса, енді дәріхана ауылдың өзіне келеді!

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559