ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Қытай дәрігерлерінің Қарағанды қаласына сапары

15.04.2020

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинь арасындағы COVID-19 жаңа короновирустық инфекцияларына қарсы күресте Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты қолдауының келісімі аясында 15 сәуірден 18 сәуірге дейін Қарағанды қаласына Қытайдан келген дәрігерлер делегациясы болады.

Сапар барысында қытайлық мамандар дәрігерлер мен медбикелер үшін COVID-19 алдын-алуы және бақылауы бойынша онлайн-тренинг өткізеді. Олар ауыр науқастарды емдеу тәжірибесімен, медициналық ұйымдарда инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған шаралармен және короновирустық инфекцияны диагностикалау әдістерімен бөліседі.

«Біз өз Үкіметіміздің басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанға 9 сәуірде келдік. 10-да біз қазақстандық әріптестермен тығыз жұмыс бастадық. Біз ауруханаларға барып, жалпы жағдайды білдік. Осы уақыт ішінде біз Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі жақсы деңгейде екенін байқадық. Дәрігерлерді даярлаудың жоғары деңгейі және ауруханаларда өте заманауи жабдықтар қолданылатынына көзіміз жетті. Қазіргі уақытта инфекциямен күресте ең бастысы емдеу емес, алдын-алу – үйде оқшаулану және т.б. Бұл жағдайда бүкіл қазақстандықтар Үкіметтің ұсыныстарын тыңдауы керек, бұл тек халыққа ғана емес, дәрігерлерге де қатысты». - деп түсіндірді Шыңжаң округінің жұқпалы аурулар тобының жетекшісі, дәрігер Лу Чэнь.

Қытайлық мамандар Қарағанды медициналық университетінің молекулалық-генетикалық зертханасында жұқпалы аурулардың молекулярлы-генетикалық эпидемиологиясын, оның ішінде короновирустық инфекцияны және ықтимал індеттерді болдырмау бойынша тиімді шараларды әрі қарай зерттеу мүмкіндіктерін талқылайды.

 «Бұл менің Қазақстанға және Қарағанды қаласына алғашқы сапарым. Бірақ мен Қарағандыда көптеген танымал адамдар дүниеге келгенін білемін. Біз осы әдемі қалаға біздің Үкімет басшысының атынан қазақстандық әріптестерімізге COVID-19-мен күресте көмектесу үшін келдік. Қазақстан коронавирусқа қарсы күресте пайдалы тәжірибе мен пайдалы білім алады деп үміттенеміз». - деді дәрігер Лу Чэнь.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559