Қарағанды облысында медицина саласындағы барлық жас мамандар жайлы ақпарат жинақталған интерактивті карта жасалынды

04.12.2019

Оның көмегімен медициналық университетті тәмәмдаған түлектің облыстың қай аурухана немесе емханасында қызмет ететінін білуге болады.

Ендігіде Қарағанды облысында еңбек ететін медициналық қызметкерлер GOOGLE-картада көрсетілетін болады. Бұл облыстың денсаулық сақтау басқармасының бастамасы. Сілтеме арқылы өткен кез-келген адам дәрігердің аты-жөні, мамандығы және тіркелеген медициналық ұйымы жайлы мәлімет алуына болады. Түйіндемелік деректерге қоса, дәрігер бейінінде мемлекеттік қолдау шаралары жайлы  ақпарат жүктеледі.

Мемлекет тарапынан жас дәрігерлерге айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Мәселен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде 100 АЕК-ке тең көтерме жәрдемақы, тұрғын үй, отбасы мүшелерін жұмыспен қамту қарастырылған. Сонымен қатар, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша кейбір медициналық ұйымдар жас мамандарға өз бюджеттерінен көтерме жәрдемақы төлейді.

Әзірге картада 57 дәрігер туралы ақпарат енгізілген. Олар өз аудандарындағы емханалар мен ауруханаларда еңбек етіп жүр. Жыл соңына дейін облыстық медициналық қызметкерлер ұжымы жаңа 446 маманмен  толығады деп күтілуде.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559