Қарағандыда Паркинсон ауруын емдеудің жаңа технологиясы енгізілді

04.12.2019

Әкімшілік

Қарағандыда Паркинсон дертіне шалдыққан науқастарға арналған медициналық көмектің жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Жергілікті дәрігерлер тобы ресейлік мамандармен біріге отырып ми терең стимуляциясы технологиясын енгізді. Бүгінде бұл жолмен өткізілген екі ота сәтті өткен.

- Әлемде мұндай ота алғаш рет 32 жыл бұрын жасалған. Салыстырмалы түрде, бұл өте ұзақ уақыт деп айта алмаймыз. Әзірленгеннен кейін нейростимулятор сынақтан өткізілді. Қазірде бұл әдіс «алтын стандарт» болып есептеледі. Оның қауіпсіздігі мен нәтижелілігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген»,- дейді Қарағанды облыстық медициналық орталығының нейрохирургия және неврология орталығының басшысы Ғабит Махамбаев.

Отадан кейін, науқастар қалыпты өмірге оралып, міндетті дәрі-дәрмек көлемін азайтады.

Нейрохирургтар ми құрылымына арнайы нейростимуляторды орнықтырады.

Ота азинвазийлі болып табылады.

Асқынулар мен жағдайдың нашарлауы мүмкіндіктері 3%-ға тең.

Қарағандылық дәрігерлердің кеңесшісі болып Новосібір қаласындағы Федералды нейрохирургиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Александр Дмитриев тағайындалды. Оның айтуынша: «Мұндай оталарды 2013 жылдан бастап жасап келеміз. Жылына 36-38 стимулятор орнықтырамыз. Қарағандыдағы емхананың заманауи жабдықталуы мен мамандардың жоғары кәсібилігі осындай технологиямен жұмыс жасауға жақсы жағдай тудырады».

Бұрынырақта аталған ота қарағандылықтар үшін тек республика астанасында немесе шетелде қолжетімді болған. Енді ота Қарағандының өзінде, ақысыз негізде жасалады.

- «Ота медициналық сақтандыру қоры есебінен төленеді. Науқас ОСМС қатысушысы болып, сәйкестендірілген санатқа келуі керек»,-деп түсіндіреді Х.Ж.Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының басшысы Дәуір Құрманғалиев.

Паркинсон ауруы –мидың нейрондық жасушаларын қабындыратын, жоюшылық әрекет көрсететін қатерлі дерт. Әдетте аурудың алғашқы белгілері 55-60 жас аралығында айқындалады. Дерт қарқынды дамушы сипатқа ие.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559