ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

2020 жылдың 13-наурыздағы Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық жағдайы

13.03.2020

Бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясының 3 оқиғасы ресми расталды

13 наурызда Алматы қаласында Германиядан келген екі азаматтың (1974 ж.т. ер адам және 1984 ж.т. әйел адам) коронавирустық инфекцияға оң нәтижелері анықталды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес аталған пациенттер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алгоритміне сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Коронавирустық инфекцияға күдікті адамда аурудың клиникалық белгілері жоқ.

Тағы бір коронавирус инфекциясының жағдайы Нұр-Сұлтан қаласында анықталды.

Бұл адам Италия (Миланнан) Мәскеу арқылы транзиттік рейспен келген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Италия 1 "а" санатына кіргендіктен, азаматша борт қонғаннан кейін бірден көп бейінді медициналық орталықтың бір орындық боксына орналастырылды.

Сондай-ақ, осы рейспен жұбайы келді, оның талдау нәтижелері теріс болды.

Ресей Федерациясынан ұшып келген ұшақтың бортында болған барлық жолаушылар байланыс болып табылады. Қазіргі уақытта барлығы стационарға орналастырылды және медициналық бақылауда.

Барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шаралар қабылдануда. Толық көлемде келесідей шаралар дайындалды:

- карантиндеуге арналған төсектер;

- медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдардың барлық қоры бар;

- медперсонал толық дайындықта;

-сұрақтар туындаған жағдайда колл-орталыққа 1406 немесе 8(7212) 955-559 нөмірі бойынша қоңырау шалу ұсынылады.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559