ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

21.03.2020

Наурыз мерекесі қарсаңында біздің дәрігерлеріміз назардан тыс қалған жоқ. Қарағанды қаласының мейрамханаларының бірі «Senim» кәсіподағымен бірлесіп, инфекциялық бөлімшеде тәулік бойы қызмет атқаратын дәрігерлер үшін тамақ жеткізуді ұйымдастырды.

Бүкіл әлемнің дәрігерлері пандемияны жеңу үшін бар күш-жігерін жұмсауда. Қазақстандық, оның ішінде қарағандылық дәрігерлер үзіліссіз жұмыс істеуде. Бүгін, бүкіл елдің тағдыры дәрігерлердің қолында. Көптеген адамдар тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді.

Бұл - бір-бірімізге көмектесе отыра, осы вирусты жеңе алатынымыздың жарқын мысалы. Бірліcе отырып, адамзат тарихы көптеген қиыншылықтан өткені бәріне мәлім.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Сізден дәрігерлердің ұсыныстарын қатаң ұстануды, үйде қалуды және гигиена ережелерін сақтауды сұраймыз. Дендеріңіз сау болғай, ағайын!

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559