ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Дезинфекциялық құралдар өндірісі

05.03.2020

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А. Е. Әбдіқадыров Саран қаласында дезинфекциялық құралдар өндірумен айналысатын "ГросФарм" ЖШС компаниясына барды. Сапар барысында шығарылатын өнімнің негізгі түрлері мен өндірістік цехтар көрсетілді.

Бүгінгі таңда Қазақстан нарығында 4 дезинфекциялық құралдар өндірушісі бар. "ГросФарм" ЖШС Қарағанды облысы аумағындағы жалғыз өндіруші болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірістік қуаты сағатына 2 000 құтыны құрайды, яғни сағатына 1 000 литр.

"Біз Швециядан шикізат сатып аламыз, Қытаймен еш байланыспаймыз. Қол антисептиктер үшін Степногорск қаласынан шикізат сатып аламыз. Қытайда да субстанцияларға арналған дезинфекциялық химикаттар шығаратын зауыттар бар, бірақ біз олармен жұмыс істемейміз. Концентраттың 1 литрінен 200 литрге дейін дезинфекциялау сұйықтығы алынады. Өндіріс толығымен қазақстандық емес, себебі химикаттар Швециядан әкелінеді, алайда өнімнің оралуы мен құйылуы біздің өндіріс орнымызда жүзеге асады. Қазір біздің алдымызда облыстың медициналық ұйымдарымен келісім-шарттарға қол қою кезіндегі кассалық алшақтық мәселесі тұр."- деп түсіндірді "ГросФарм" ЖШС директорының орынбасары Момцелидзе Михаил Шотаевич.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А. Е. Әбдіқадыров дезинфекциялық құралдарды сатып алу іс-шараларын орталықтандыру мәселесін қарастыруды тапсырды және "ГросФарм" ЖШС директорының орынбасары Қарағанды облысындағы бөлшек дәріханалардың желілерін қамтамасыздандыру мүмкіндігін ұсынды.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559