Күрделі тақырып – қарапайым тілмен

04.12.2019

Қарағандылық журналистер мен блогерлер медициналық сақтандыру тақырыбын бұқараға жеткізудегі жаңашылдықтармен танысты. БАҚ саласындағы жаңалықтар жайлы медиатренер, продюсер, журналист Ольга Каплина баяндады. Тренинг барысында телеарналар, газет-журналдар, сайттар мен пресс-қызметтер өкілдері тұрғындарға медициналық сақтандыру жүйесі жайлы ақпаратты оңтайлы түрде жеткізу жолдарын талқылады. Көрермендер  мен оқырмандардың жиі қоятын сауалдарына инфографика, сторителлинг, интерактивті карталар, подкаст әдістерімен жауап беру мәселесі алға тартылды. 

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559