ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Карантин күндері: еріктілердің көмегі

06.04.2020

Еріктілердің көмегі туралы сұрақ-жауаптар жиынтығын ұсынамыз.

 

- Еріктілер қатарына қалай қосылуға болады?
- Еріктілер тобына қосылуға және мұқтаждарға көмектесуге ниет білдірушілер Saryarqa Jastary облыстық жастар орталығына хабарласа алады. Байланыс телефоны: (8-7212) 402-130, 8-701-339-37-33. Орталықтың Instagram және Facebook-тағы парақшаларында да өтінім беруге болады.‬‬
«Ерікті болу» атқарымы https://ba09.kz/ сайтында бар. Қарағандылық IT-мамандар Belsendi Azamat бірыңғай онлайн-платформасын құрды. Бұл жерде азық-түлік, сусын, азық-түлік емес тауарлар мен дәрі-дәрмектерді жеткізуге тапсырыс беретін мекен-жайлар орналасқан.

- Еріктіде қандай құжаттар болуы керек? Алаяқтардың көмекшілері ретінде келмейді ме?
- Әрбір үйге шығу алдында қызметкер міндетті түрде алдын ала қоңырау шалып, өзін таныстырады, тапсырыстың егжей-тегжейін және келу уақытын талқылайды. Бұл әлеуметтік қызметкерлерге да қатысты.
Келушіден оның мәртебесін растайтын құжатты талап етіңіз. Еріктілер мен әлеуметтік қызметкерлердің барлық әрекеттері қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орындалады.
Еріктілер қажетті заттарды жеткізуге көмектеседі және бұл риясыз. Мұндай көмек жалғыз басты қарт адамдар үшін аса қажетті, себебі 65 жастан асқан адамдарға үйден шығуға болмайды. Бірақ сатып алудың барлық түрлері тапсырыс берушінің қаржысы арқылы жүзеге асырылады.

- Еріктілер мен әлеуметтік қызметкерлер қандай санитарлық ережелерді сақтауы тиіс?
- Әлеуметтік қызметкерлер барлық сақтық шараларын сақтай отырып, толық көлемде көмек көрсетуді жалғастырады. Барлық қызметкерлер маскалармен, бір рет қолданылатын қолғаптармен және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс. Осы ережелер еріктілерге де қатысты.
Қарт адамдарға еріктілер мен әлеуметтік қызметкерлерді қарсы алғанда қорғану үшін маска киюге кеңес береміз.

Дереккөз: Қарағанды облысы әкімдігінің сайты

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559