ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Карантиндік күндер: өмірлік қажетті дәрі-дәрмекке жаңа рецепт қалай алуға болады?

06.04.2020

Медициналық қызметтерді алуға байланысты сұрақтар топтамасын ұсынамыз.

- Өмірлік қажетті дәрі-дәрмекке жеңілдік рецептінің мерзімі шықты. Не істеу керек?
- Егер сіз созылмалы аурудан зардап шегетін болсаңыз және ұзақ уақыт бойы осы дәрі-дәрмекті қабылдасаңыз, учаскелік дәрігеріңізбен хабарласып, рецептке тапсырыс беріңіз. Рецепт Damumed мобильді қосымшасына, дәріханаларға (КМАЖ-да жұмыс істейтін) электрондық түрде, сондай-ақ пациенттің WhatsApp нөміріне жіберілуі мүмкін. Сол бойынша сіз дәріханада қажетті дәрі ала аласыз.
Дәріхана алыс болған жағдайда волонтерлер жеткізіп беруге дайын.
Еріктілердің облыстық штабының телефоны: 8-701-339-37-33.

- Жоспарлы операцияларға қатысты жағдай қалай болмақ?
- Жоспарлы операциялар тоқтатылды. Шұғыл жағдайда жедел жәрдем шақыру қажет. Сондай-ақ жеке көлікпен медициналық мекемеге баруға рұқсат етіледі.

- Бала құлағының ауырғанына шағымданады. Отит болуы мүмкін. Жағдайды дұрыс бағалау және өзін-өзі емдемеу үшін емханада дәрігерінің кеңесі қажет. Оны қалай жасауға болады?
- Сіздің учаскелік дәрігеріңізбен хабарласыңыз және баланы үйде тексеру туралы келісіңіз. Емханаға өзіңіз барудың қажеті жоқ.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559