ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Карантиндік күндер: науқастарға дәрігердің қабылдауына баруға немесе жүкті әйелдерге есепке қалай тұруға болады

13.04.2020

Қарағанды облысының емханалары карантин енгізілуіне байланысты барлық жоспарлы қабылдаулар, тексерулер мен скринингтерді уақытша тоқтатты. Бірақ дәрігер қабылдауына бару аса маңызды немесе жүктілік бойынша есепке тұру керек пациенттер не істеуі тиіс?

Кардиолог, невропатолог, онколог және басқа да мамандардың кеңесін қазіргі уақытта қашықтан алуға болады. Ол үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген емханаға қоңырау шалу керек.
№1 қалалық аурухананың емханасына сәуір айының басынан бастап онлайн-режимде және телефон арқылы рецептер мен кеңестер алу үшін 300-ден астам адам жүгінген, тіркелген төрт пациент телефон арқылы психологтың кеңесін алды.


- Біздің емделушілерімізге амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында алып жатқан препараттарды карантин кезінде медициналық қызметкерлер үйлеріне апарып береді. Препаратқа рецептті тек телефон арқылы ғана емес, сондай-ақ Damumed мобильді қосымшасы арқылы да тапсырыс беруге болады. Салалық мамандардың онлайн-кеңестері krghospital Instagram парақшасының басында onlain.karhospital.kz сілтемесі бойынша, сондай-ақ емхананың ресми сайтында қолжетімді. Мұнда кез келген маманға сұрақ қоюға болады. Жүкті әйелдер «әйел денсаулығы» жедел желісі бойынша 46-21-01 телефоны арқылы хабарласа алады, - деді №1 көпсалалы аурухана директорының орынбасары Радмила Габдракипова.


Жүктілік бойынша есепке тұру үшін өзіңіз тіркелген емханада гинекологтың қабылдауына жазылу керек.


- Есепке қою кезінде бізге жүкті әйелдің барлық жеке мәліметтері, оның анамнезі және жүктілік мерзімі қажет. Оны қашықтан анықтау мүмкін емес болғандықтан, жеке қабылдау қажет. Дегенмен, біз әйелдерді қатаң түрде белгілі бір уақытта жазып алуға тырысамыз, олар кезекте тұрмайды және емхана қабырғасында көп уақыт өткізбес үшін осылай жасаймыз, - дейді №3 емхананың акушерлік-гинекологиялық қызметінің жетекшісі Гүлназ Таласпаева.


Кейіннен жүкті әйел ұрықты ультрадыбыстық зерттеу және генетикалық скрининг секілді тексерістерден ғана өтуі қажет. Әйелдер емханаға таксимен немесе жаяу келе алады. Егер емханаға келіп жетудің бұл түрлері қандай да бір себептер бойынша пациентке қолжетімді болмаса, ондаә жағдайда емханадан оған көлік жіберіледі. Көлік керек екендігі туралы жүктілікті бақылайтын дәрігерге хабарлау керек.
Болашақ аналардың жүктілігі 34 аптадан асқан соң олардың үйіне патронаж медбикелер келеді.
Карантин кезінде облыс дәрігерлері емханаларға барудан бас тартуға шақырады. Емханаға барғысы келетіндер үшін және вирустық аурулардың белгілері бар пациенттер үшін 08.00-ден 20.00-ге дейін шұғыл кабинет-фильтрлер жұмыс істейді.


Облыстың барлық емханаларының толық тізімі мен байланыс телефондарын мына жерден табуға болады https://www.103.kz/list/polikliniki/karaganda/.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559