ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Карантиндік күндер: жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

06.04.2020

Біз ең жиі қойылатын сұрақтардың бестігін таңдадық.

- Карантин қанша уақытқа созылады? Қойылған шектеулерге әлі қанша шыдауымыз керек?
- Ел мен өңірде коронавирустың таралуына байланысты. Шектеу тұрғындардың қауіпсіздігі үшін енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының барлық аумағы бойынша 7 сәуір күні 00.00-ден бастап карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізіледі. Осы уақыттан бастап карантиндік аймаққа кіруге де, одан шығуға да тыйым салынады.
Карантиннің ерекше тәртібі Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Бұқар Жырау ауданының алты елді мекенінде: Доскей, Үштөбе, Ботақара, Көкпекті, Ғабиден Мұстафин, Петровка елді мекендерінде халықтың кәсіпкерлік және өзге де тіршілігінің ерекше жағдайлары қарастырыла отырып.

- Қала ішінде жүруге бола ма?
- Жүріп-тұру біршама шектелген. Қаланың басқа аудандарына сіз тек жұмысқа барып, сәйкесінше одан қайта аласыз. Ол үшін жұмыс орнынан басшының қолымен және мөрімен куәландырылған анықтама қажет. Сәйкесінше маршрут көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек.

Карантин кезеңінде рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі:
Денсаулық сақтау жүйесінің объектілері;
Инфрақұрылым, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері;
Көлік және байланыс қызметтері;
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қойнауын пайдалану субъектілері;
бөлшек сауда объектілері;
тамақтану (жеткізу режимінде) және құрылыс қызметтері;
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен бөлімшелері;
пошталық, курьерлік және жүк қызметтері;
тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу сервистері;
тамақ өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/дистрибуциясы;
қонақ үйлер, қарттар үйлері, балаларға арналған баспаналар, үйсіздерге арналған баспаналар, жануарларға арналған баспаналар;
салттық қызметтер және зират агенттіктері;
бұқаралық ақпарат құралдары;
волонтерлік ұйымдар;
уақытша сақтау қоймалары;
объектілерді күзету бойынша қызмет көрсететін ұйымдар.

- Үйден қай жерге шығуға рұқсат етілген?
- Жұмысқа және кері қайтуға. Сондай-ақ жақын жерде тұратын жерінен 1 500 км радиуста орналасқан дүкенге, дәріханаға.
Онлайн-сатып алуды шектеусіз жасауға болады. Тек өзіне ғана емес, туған-туысқандары мен жақындарына да. Курьерлер тапсырыстарды көрсетілген мекен-жайға жеткізеді. Төлем картамен немесе қолма-қол ақшамен жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың ересек адамдарсыз қозғалуына тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға далаға шықпау ұсынылады.

- Қоғамдық көлік жүрмейді. Қалай жетуге болады?
- Кәсіпорындар өз қызметкерлерін орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастыруы тиіс. Бұдан басқа, такси қызметі жұмысын жалғастырады, бірақ шектеу - машинада бір жолаушыдан артық болмауы тиіс. Растайтын құжаттар (жұмыстан анықтама) болған жағдайда жеке көлікпен де жетуге болады.

- Карантин режимін бұзғаны үшін жазаланатын бола ма?
- ТЖ режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ҚР ӘҚБтК 476 бабы). Полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама жасап, сотқа жібереді. Мүмкін болатын жаза - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (26 мың 510 теңге) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.

Карантин талаптарын орындауыңызды өтінеміз. Өзіңді сақтаңыз!

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559