ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Коронавирус инфекциясының алдын-алуына байланысты ҚР Үкіметінің қабылдаған іс-шаралары

12.03.2020

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустық инфекцияны пандемия жариялауына байланысты арнайы алдын алу шаралары туралы жариялады.

Үкімет мынадай шараларды қабылдайды:

- 13 наурыздан бастап қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
- 16 наурыздан 5 сәуірге дейін мектеп оқушыларына арналған демалыс жарияланады;
- 16 наурыздан бастап жоғары оқу орындарының студенттері онлайн-оқытуға ауысады;
- қоғамдық көліктерді міндетті дезинфекциялау енгізіледі;
- балабақшалар жұмысын жалғастырады;
- мектеп оқушылары үшін демалыс кезінде көшпелі экскурсияларға тыйым салынады;
- қоғамдық көлікте, жаппай жиналатын орындарда міндетті дезинфекциялау;
- санитарлық-профилактикалық іс-шараларды, оның ішінде қарттар үйлерінде күшейту;
- 1А, 1Б, 2 және 3 санаттарға жатқызылатын мемлекеттерге ұшуға тыйым салынады;
- базарлар мен сауда орталықтары жұмысын жалғастырады, кинотеатрлар уақытша жұмысын тоқтатады.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559