ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Медициналық маскалар өндірісі

03.03.2020

Бүгін, 3 наурызда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А. Е. Әбдіқадыров жеке қорғаныс құралдарын (медициналық маскалар, обаға қарсы бір реттік костюмдер, бір реттік төсек-орын жиынтықтары, бір реттік халаттар және т.б.) дайындау цехында болды. Бұл өндіріс "МФ Мерей" ЖШС тиесілі.

"Біз өндірісті 2010 жылы бастадық. Шешілмеген мәселелер көп болды. Сол кезде шикізат Қытай Халық Республикасынан жеткізілген. Бүгінгі таңда қорғаныс құралдарының бір реттік жиынтықтары өндірісін қалпына келтіру шешілді. Шикізат жеткізу мәселелері бойынша Қазан және Новосібір қалаларымен келіссөздер жүргіземіз. Тәулігіне біздің цехіміз 20 000-ға дейін медициналық маскаларды шығара алады."- деп «МФ Мерей» ЖШС директоры Наурызбаев Қанат Қадырұлы түсіндіреді.

"Бүгінгі таңда біз медициналық маскалар өндірісін жаңғыртып жатырмыз, қазір цехты іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл аппарат толық қуаттылықта минутына 100 бірлікке дейін медициналық маскалар шығара алады."- деді Қанат Қадырұлы.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары шикізатпен қамтамасыз ету және МЖӘ аясында өндірістің жұмыс істеуіне көмек көрсету бойынша тапсырмалар берді.

Облыс басшылығы медициналық маскалар мен дезинфекциялау құралдарының тапшылығы мәселесін шешу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бір аптадан кейін дәріханалардың бөлшек желісінде медициналық маскаларды жеткізілуі күтілуде.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559