Облыс бойынша тұмаумен күрес бағытындағы иммунизация шаралары

04.12.2019

Жыл сайын күздің келуімен тұмауға қарсы иммунизация басталады. 2019 жылы вакцинация 10 қыркүйек күні басталды. Үкіметтің 2009 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған  №2295 қаулысы бойынша, тұмауға қарсы вакцинация  ауруға шалдығу мүмкіндігі жоғары топтар үшін жергілікті бюджет есебінен, қалған топтар үшін өз қаржысына немесе жұмыс беруші есебінен іске асырылады. Қарағандының қалалық емханалары, Абай қаласының Орталық ауруханасы, Жезқазған қаласы ОДА(отбасылық дәрігерлік амбулатория) тұрғындар иммунизациясын ақылы түрде жүргізу мақсатында вакцинамен қамтамассыз етілген.

Кімде-кім бұл шаралардың маңызы мен қажеттілігі жайлы ойланған болар: егілу шарасы керек пе? вакцинация оң нәтижелі болады ма? және т.с.с.

Аталған сұрақтарға жауап беру үшін егілу шарасын сараптап көрейік.

Вакцина иммундық жүйенің «дабыл қағуына» себеп болатын ыдыратылған вирустердің бөлшектерінен тұрады. Ағзаның қорғаныш жүйесі бұл антигендерге қарсы антиденелер қалыптастырады. 10-14 күн шамасында антиденелер саны қажетті деңгейге жетеді. Ендігіде ағза тұмау вирусымен кездескен жағдайда, таныс «қарсыласқа» жылдам шабуыл жасап, еш қиындықсыз вирустарды жойып жібереді.

Вакцинацияның нәтижелілігі екі құрамдастан құралады: 1) антигендердің белгіленген аумақта таралған тұмау штаммдарына сәйкес келуі; 2) вакцинаға деген ағзаның жауабы.

Барлаушы эпидемиялық бақылаудың лабораториялық мәліметтерінің негізінде вакцина өндірісінде қолданылатын белгілі бір вирус штаммдарының айналымына болжам жасалады. Вакцина жыл сайын эпидемиялық маусымның басталар уақытында өндіріледі.

Екпеден кейін ағзаның вирусқа төтеп беру қабілеті адамның иммундық жүйесіне байланысты.  Себебі, адам есейген сайын ағзаның иммундық жауап беруі тежеледі және антиденелердің түзілу уақыты да ұзарады. Антиденелер түзілуін басуға бағытталған иммуносупрессивті терапияның да иммундық жауап беру жылдамдығын төмендететін кері әсері болады.

Вакцинация кезеңінде ағзаға артық жүктеме түсірмей, суықтан сақтану керек. Осы себептерден ауырып қалған жағдайда, иммундық жауап беру тежеледі. Әйтсе де, екпе аурудан оңайлықпен жазылуға септігін тигізіп, асқынулардың алдын алады.

Естеріңізде болсын, вакцинация ауқымы шектеулі емдік шара болып табылады. Яғни, ол ағзаны тек тұмау вирустарынан қорғайды. Өзге де жетіп-артылатын жедел респираторлы аурулардың қоздырғыштарына еш әсер етпейді.

Осы орайда, заңды сауал туындайды: олай болса маған вакцинация не үшін керек?

Вакцина – қажетті ем. Жалпы вакциналар мүгедектік, ұрық дамуындағы қиындықтар, өлім сияқты салдары өте ауыр аурулар мен инфекциялардың алдын алу үшін қолданылады.

Тұмаудың асқынуы пневмония, жүрек қабынулары – миокардит, перикардит, жүрек жетіспеушілігі, синуситтер мен гаймориттер, бүйрек аурулары – пиелонефрит пен гломерулонефрит, менингит, энцефалит секілді қауіпті дертке шалдықтыруы мүмкін екені баршаға мәлім.  Одан бөлек, тұмауға шалдыққан адамның созылмалы аурулары қайта қозуы мүмкін.

Жүктілік әйел ағзасының иммунитетіне түпкілікті әсер ететіндіктен, бұл кезеңдегі тұмау да аса қауіпті болып саналады. Жүктілік барысында әйел ағзасының ауру қоздырғыштарға жауап беру жылдамдығы төмендейді. Ана ағзасы бірінші кезекте баланы қорғауға бағытталып, табиғи жолмен иммундық жүйесінің өзін қорғауға деген қабілеттілік деңгейін азайтады. Тұмауды жұқтыру мүмкіндігі өте жоғары болғандықтан,  жүкті әйел өте сақ болып, денсаулығына қатты көңіл бөлуге тиісті.

Жүктілік уақытында болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты, тұмаудың  3-4 тәулігінің өзінде-ақ пневмония басталуы ықтимал. Ол ана мен балаға оттегі жетіспеушілігіне әкеліп, вирустық аурудың бактериалды инфекциямен қосылып дамуынан денсаулық жағдайының ауырлай түсуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Кей жағдайда тұмаумен ауырған жүкті әйелдер сәбиін мерзімінен бұрын дүниеге әкеледі. Аталғандай жағдай жүктіліктің толық 37 аптасына жеткенге дейін орын алады. Мерзімінен бұрын туу - сәби денсаулығына ұнамсыз әсер етіп, кей мәселелердің бастауы болатынын айта кетуіміз керек.

Ауа-тамшылы жолдармен берілетіндіктен, тұмау өршіген уақытта оны бірден жұқтыру  оңай болатынын ескертеміз. Маска тағу жұқпалы аурудан 100%-ға сақтап қала алмайды.Ол 2-3 сағат көлемінде ғана жарамды. Осы уақыт аралығында масканы ауыстырып, оның бетті толық жауып тұруына баса назар аудару керек.

Жүкті әйелдер арасында тұмаудың таралуы бойынша статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, тұмауға қарсы екпе алған жүкті әйелдердің қатарында тұмауға шалдыққандар жоқ екенін көруге болады.

Жыл сайындық жүкті әйелдердің екпемен қамтылуы 2016 жылдан бастап жалпы санына шаққандағы -99,3-99,9% құрайды.

Тұмауға шалдығу қауіпі жоғары топтарға тегін түрде иммунизациялық шаралар жүргізу үшін 2017 жылдан бастап тұмауға қарсы сатып алынған вакцина саны 2,2 есеге артқан. Осылайша, медициналық мекемелер 2016 жылы 66806 доза, 2017-2018 жылдары 150000 доза, 2019 жылы 150778 доза вакцинамен қамтылып, 2020 жылы 172000 доза сатып алу жоспарланған.

Тұмауға қарсы егілуі керек тұрғындардың, жүкті әйелдерді қоса есептегенде, жалпы санының артуымен қатар, денсаулық жағдайына байланысты екпеге қарсы көрсетілім алған жүкті әйелдер арасында зертханалық расталған тұмау түрлерінің азаю үрдісі байқалады.

Бұл ретте, 2015-2016 жылғы эпидемиялық маусымда екпе алмағандар арасында тұмауға шалдыққан 15 науқас тіркелген. Осы жылы жүкті әйелдер иммунизациясы 2788 әйелді қамтыды, бұл ЖРВИ-мен ауырған жүкті әйелдер санының 2,5%. 2016-2017 жылы расталған тұмаудың 2-жағдайы тіркелген. Бұл ЖРВИ-мен ауырған жүкті әйелдер санының 0,2%, жалпы 5906 жүкті әйел екпе қабылдаған.

2017-2019 жылдары жүкті әйелдер арасында ЖРВИ жағдайлары тіркелмеген. Сәйкесінше 5127 және 4662 жүкті әйел екпе қабылдады.

Жоғарыда айтылған деректерді қорытындыла келе, вакцинация – тұмаудың алдын алудың ең нәтижелі жолы екенін аңғаруға болады.

Өздеріңізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілейміз!

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559