ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Облыстағы емханалар мен стационарлардың жұмыстарындағы өзгеріс

01.04.2020

ҚОДСБ 30-наурыз 2020 жылғы №321 Бұйрығына және Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларында каратин жариялауына байланысты облыстың медициналық ұйымдарында коронавирустық инфекциясына байланысты төтенше жағдайында жұмысы өзгеріске түсті.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында: науқастарды диспансерлеу, профилактикалық тексерулер, иммундау, флюорографиялық тексерулер, скринингтік тексерулер, денсаулық пен босануға дайындық жүргізу мектептері, науқастарға бейінді мамандармен жоспарлы қабылдау, диагностикалық зерттеулер жүргізу тоқтатылды.

Осы кезеңде бейінді мамандардан қашықтан кеңес алуды пайдалану және созылмалы аурулары бар науқастар үйде кеңес алу мүмкіндіктерін пайдалануға ұсынамыз.

65 жастан асқан созылмалы аурулары бар науқастарға, жалғыз басты науқастарға, мүгедектерге және орфандық аурулары бар науқастарға тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрілік препараттарды үйге жеткізу жүзеге асырылатын болады.

Жүкті әйелдерді үйде патронаждау және жүктіліктің 34 аптасынан астам жүкті әйелдерді, 1 жасқа дейінгі балаларды штаттық режимде қарау қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға күн сайын қоңырау шалу жүргізіледі.

Облыстың стационарларында жоспарлы медициналық қызметтері тоқтатылды – жоспарлы емдеуге жатқызу, жоспарлы операциялық араласулар және оңалту.

Бұйрық сәуір айының 2 жұлдызынан бастап жүзеге асырылады.

 

Барлық сұрақтар бойынша ҚОДСБ call-орталығы: 8(7212) 955-559

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559