ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

Теміртау қаласының №2 емханасы каранинге жабылды

13.04.2020

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясының анықталған 11 жағдайының төртеуі медициналық қызметкерлер.

Барлық жұқтырғандар - №2 Теміртау емханасының қызметкерлері. Бүгін, 13 сәуірден бастап медициналық мекеме жабылады.

Тек жедел жәрдем қызметі өз жұмысын жалғастырады. Қажет болғын жағдайда, науқастар қаладағы басқа емханаларға жіберіледі.

Ғимарат ішінде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Клиниканың барлық қызметкерлері тексерістен өтеді.

Тұрғындар «Теміртау №1 емханасы» КМК және «Теміртау №4 емханасы» КМК емханаларынан барлық қажетті көмекті ала алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта қалада Елбасы нұсқауымен салынған жаңа емхана жұмыс істей бастайды.

№2 емхананың жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығына (8-7213) 44-78-88 телефоны арқылы жауап алуға болады.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559