ЖРВИ мен тұмау белгілерін анықтау және алдын алу

04.12.2019

ЖРВИ мен тұмау белгілері өзара өте ұқсас: жөтел, түшкіру, мұрынның бітелуі, тоңғақтық, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы. Әйтсе де, тұмау вирусының келесідей айрықша белгілері бар:

тоңғақтық, буындардың ауыруы;

тері қабатының өңсіз болуы, кейде – ауыз-мұрын бұрышының көгеруі мен беттің қызаруы;

жарықтан қашқақтау мен қатты дыбыстарды көтере алмау;

әлсіздік, ештеңеге зауқы болмау, бас айналуы;

жөтел мен мұрыннан су ағу тек аурудың 2-3 күнінде біліне бастайды;

кейде – іш ауруы, құсу, іш өтуі. әсіресе егер бұл жүкті әйелдердегі асқазан-ішек тұмауы болса;

мұндай жағдай  7 күнге дейін созылады, қарапайым ЖРВИ-дан ұзағырақ. 

Әлбетте, тұмау белгілері мен дене қызуының көтерілуі байқалса, дәрігерді үйге шақыртып, бар уақытыңызды үйде өткізген дұрыс. Өз-өзіңізді емдеуден сақ болыңыз. Халіңіз медициналық ұйымға бару қажеттілігін тудырса, аурудың өзгелерге жұғуын болдырмау мақсатында міндетті түрде бірретті маска қолдануыңыз керек.

Балаларға дене қызуын түсіретін және тамыртарылтатын дәрілерді берген уақытта қолдану нұсқаулығына баса назар аудару - шарт. Дәріні нұсқаулық бойынша қабылдамаған жағдайда аурудың асқынуы, қажет мөлшерден артық қабылдау, тіпті өлімге апаратын салдарлар туындауы мүмкін.

Тұмаудың алдын алудың ең нәтижелі әдісі – эпидемиялық кезең алдында өткізілетін вакцинация болып табылады (қыркүйек-қараша).

Бүгінгі таңда ағзаны жалпылама шынықтырып, қуаттандыратын іс-әрекеттерді ұсынуға болады: адам аз жерлерде серуендеу, аллергия болмаса тағамға С дәруменіне бай өнімдер (лимон, қарақат, апельсин, шиповник) мен балды қолдану, суыққа шынығу. Дәріханадан сатып алынған поливитаминдік кешендерді де қолдану да пайдалы. Көктем-қыс маусымында диета ұстау өте қауіпті. Олардың нәтижесінде ағзаға жетуі тиіс макро-микронутриенттер мен дәрумендердің көп бөлігі ысырылып, иммунитеттің төмендеуіне алып келеді.

Балалар мен жүкті әйелдер ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, сауда орталықтары, қоғамдық көлік сияқты адамдар көп жиналатын орындарға жиі бармағаны абзал. Денсаулықты сақтау – кезекті кафедегі отырыс немесе дүкен аралаудан әлдеқайда маңыздырақ емес пе?!

Егер дүкенге бару немесе қоғамдық көлікпен жүруден бас тарта алмасаңыз, маска тағуды әдетке айналдырыңыз(3 сағаттан артық емес) ! Балаларды үйде қалдырған жөн. Даладан келген сәтте, бірден сабынмен жақсылап қол жуы керек.

Аталған шаралардың еш қиындығы жоқ. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына асқан жауапкершілікпен қараңыз!

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559