ҚОДСБ Call-орталығы
Тәулік бойы

+7 (7212) 955 559

ЖРВИ және коронавирус инфекциясы бойынша өткізілген брифинг

03.03.2020

2020 жылдың 3-наурызында Қарағанды облысында жіті респираторлық аурулар, соның ішінде коронавирустық инфекция мәселелері бойынша брифинг өтті. Брифингке ҚОДСБ басшысы Е.Ш.Нұрлыбаев, ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Қ.Асқаров және облыстың бас инфекционисті Е.С.Жүнісовтің қатысуымен өтті.

Қарағанды облысының әкімінің орынбасарының басшылығымен облыстық штаб құрылды. Инфекцияларды алдын алу жөнінде кешенді іс-шаралар әзірленді, олардың негізгілері:

1.       Ұйымдастырушылық іс-шаралар. Респираторлық вирустық инфекция болған жағдайда, оның ішінде коронавирустық инфекция болған жағдайда медициналық қызметкерлерді мінез-құлқы бойынша оқыту және шаралар қабылдау. Медицина қызметкерлерінің ауқымды оқытуы өткізілді. Бүгінгі күні облыстың медицина қызметкерлері барлық деңгейдегі жұқпалы аурулар бойынша білімдерін жаңартты.

2.       Қарағанды облысының аумағында провизорлық карантиндік госпиталдар ашылды. Облыста 400-ден астам провизорлық төсектер және 200-ден астам қосалқы төсектер бар. Бүгінгі күні бұл төсектердің барлығы қажет болған жағдайда адамдарды қабылдауға толыққанды дайын.

 

Әлеуметтік желілерде тұрғындарды медициналық бұйымдармен, соның ішінде маскалармен жеткілікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілуде. Бүгін Қарағанды облысында медициналық маскалар мен дезинфекциялық құралдардың жеке өндірісі жолға қойылған. Қоймаларда облыстың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде өнімдер бар. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарда 39 млн. теңге резерві есебінен барлық қажетті жеке қорғану құралдары сатып алынды.

 

Денсаулық сақтау басқармасы және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ресми дереккөздерге (Денсаулық сақтау министрлігінің сайты, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының сайты, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайты) сенуге ұсынады.

map

ҚОДСБ call-центрі

+7 (7212) 955 559